Жетістіктеріміз » Страница 24 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша ғылыми жарыстың қалалық кезеңінің қорытындысы жарияланды.
26
апрель
2022
«Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша ғылыми
    «Ғылым әлемін ашамыз» атты халықаралық ғарыштық зерттеулер бойынша Халықаралық ғылыми жарыстарының қалалық кезеңінің қорытындысы шықты. №178 мамандандырылған лицейден 4 ғылыми жоба келесі кезеңге жолдама алды. Олар: Астрофизика секциясынан «Жұлдызаралық орта бейнелерінің фракталдық талдауы» тақырыбы бойынша Даулет Айбек, Еркін Ернат және "V356Sgr қос жұлдызын зерттеу" жобасымен Сапар Еркебұлан мен Алмат Диас өтті. Экология және ғарыш секциясынан Баймұханова Нұрсұлу «Кеңістіктегі сумен
Ағылшын тілі пәні ұстаздарының арасында қалалық конкурстың жеңімпазы анықталды.
23
апрель
2022
Ағылшын тілі пәні ұстаздарының арасында қалалық конкурстың жеңімпазы
   Алматы қаласы Білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қалалық ағылшын тілі пәні ұстаздарының арасында өткен конкурста Досқожаева Нұргүл Елшібекқызы "The best video lesson" номинациясы бойынша 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. Құтты болсын!
Алматы қаласы мектептерінің ағылшын лигалары арасында жолдастық пікірсайыс турнирі өтті.
22
апрель
2022
Алматы қаласы мектептерінің ағылшын лигалары арасында жолдастық
   "Халықаралық Жер" күніне орай №178 мамандандырылған лицейде ағылшын тілі пәні мұғалімдері Досқожаева Нұргүл және Ауелбекова Айнұрдың ұйымдастыруымен қалалық ағылшын лигалары арасында жолдастық пікірсайыс турнирі өтті.  Бұл жолдастық кездесуге №178 мамандандырылған лицей, №166 лицей және №201, №105, №27 гимназияларынан 32 оқушы, 16 команда қатысты. Пікірсайыстың қорытындысы бойынша: 1️⃣ орын - №27 гимназия; 2️⃣ орын - №105 гимназия; 3️⃣ орын - №178 мамандандырылған лицей ("VIS" тобы) иеленді.
"Оқуға құштар мектеп" жобасының аясында  9-сыныптар арасында "Кітап оқиық" байқауы өткізілді.
22
апрель
2022
"Оқуға құштар мектеп" жобасының аясында 9-сыныптар арасында "Кітап
   Алатау ауданы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Оқуға құштар мектеп" жобасының аясында 9-сыныптар арасында "Кітап оқиық" байқауы өткізілді. Байқауда лицейіміздің 9 "З" сынып оқушысы Жақсымұрат Асема жүлделі 1-орынға ие болды. Жетекшісі Абдумуталипова Перизат
"IITU ROBOCON-2022" робототехникадан республикалық олимпиадасы өз мәресіне жетті.
21
апрель
2022
"IITU ROBOCON-2022" робототехникадан республикалық олимпиадасы өз
     "IITU ROBOCON-2022" робототехникадан республикалық олимпиадасы өз мәресіне жетті. Олимпиаданың ақтық кезеңі Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті базасында өтті.  Робототехникадан республикалық чемпионатта екі кезеңнен сүрінбей өткен №178 мамандандырылған лицейдің 10-сынып оқушысы Р.Миракбаров, 9-сынып оқушылары Е.Құрман, Д.Төлеген, Д. Ахмет қорытынды кезеңде жүлделі ІІ орынды жеңіп алды. Олимпиаданың арнайы бағалы сыйлығымен марапатталды. Робототехниканың дамуына үлесін қосып
"Ғарышкерлер" күніне арналған қала мектептерінің арасында жолдастық пікірсайыс турнирі өткізілді.
21
апрель
2022
"Ғарышкерлер" күніне арналған қала мектептерінің арасында жолдастық
    "Ғарышкерлер" күніне арналған қала мектептерінің арасында жолдастық пікірсайыс турнирі өткізілді. Ағылшын лигасы бойынша өткен жолдастық кездесуге N178 мамандандырылған лицей, N166 лицей, N105 және N132 гимназия командалары қатысты. Осы пікірсайыста N178 мамандандырылған лицейдің "Gen Z" тобы І орынды жеңіп алды. Ал 9 сынып оқушысы Төленді Алуа "ойынның ең мықты спикері" атағына ие болды және 10 сынып оқушысы Ахметжан Нұрбике ең адал төреші бола білді. N178 МЛ, тек қана АЛҒА, биікке САМҒА!  
ҚР еңбек сіңірген мұғалімі Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді.
20
апрель
2022
ҚР еңбек сіңірген мұғалімі Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен
     ҚР еңбек сіңірген мұғалімі Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді. ✨N178 мамандандырылған лицейдің 10-сынып оқушысы Мейырым Милана осы олимпиадаға қатысып, нәтижесінде жүлделі 🥈ІІ орынға ие болды. Жетекшісі: Жәкі Жанат. ⚡️Шәкіртіміздің жеткен жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі басталды.
19
апрель
2022
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында
     Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі басталды. Республикалық олимпиада «Ustudy» тестілеу орталығының базасында өткізілуде. ✅ Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне №178 мамандандырылған лицейдің 7 оқушысы (физика, математика, информатика пәндері бойынша) - қалалық кезеңнің жеңімпаздары қатысуда. ❇️ Республикалық олимпиадаға қатысып отырған дарынды да талантты оқушыларымызға сәттілік тілейміз!
"Тұран" университетінің гранттарына Бодыған Гауһар (физика) мен Даутбек Адлет (информатика) ие болды.
19
апрель
2022
"Тұран" университетінің гранттарына Бодыған Гауһар (физика) мен
   “Тұран" университетінде республикалық пәндік олимпиаданың қалалық кезеңінің салтанатты жабылу кешінде университет проректоры Тусупова Лейла Амангельдиева "Тұран" университетінің гранттарын №178 мамандандырылған лицейдің дарынды шәкірттері Бодыған Гауһар (физика) мен Даутбек Адлетке (информатика) табыстады. ✴️ Білім шыңын бағындырып, мыңды жығар білімді шәкірттеріміздің алар асулары биік болсын! Дарынды оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз.
«Тұран» университетінің ғимаратында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің салтанатты жабылуы өтті.
18
апрель
2022
«Тұран» университетінің ғимаратында жалпы білім беретін пәндер
   2022 жылдың 16 сәуір күні «Тұран» университетінде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің салтанатты жабылуы өтті. №178 мамандандырылған лицейдің 25 дарынды шәкірттері, олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен марапатталды.  ФИЗИКА пәні бойынша: І дәрежелі диплом: Бодыған Гауһар, Тұрлыбек Елжас, Еламан Арсен; ІІ дәрежелі диплом: Амангелді Жанасыл;  ІІІ дәрежелі диплом: Ермек Олжас. МАТЕМАТИКА пәні бойынша: ІІ дәрежелі диплом: