03
март
2022
"Ел жастары" клубының белсенді оқушыларының ата-аналарына лицей директорының алғыс хаты табысталды.
"Алғыс айту" күніне орай "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы және өзін-өзі басқару ұйымына қарасты "Ел жастары" клубының белсенді оқушыларының ардақты ата-аналарына лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлының арнайы алғыс хаты табыс етілді. Алғыс айтып, алғысқа бөленіп жүріңіздер!