Жетістіктеріміз » Страница 18 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңі өтті.
27
октябрь
2022
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңі өтті.
   2022 жылдың 26 қазан күні №178 мамандандырылған лицейде Алатау аудандық жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы өтті. Конкурсқа оқушылар ІІ бағыт бойынша ғылыми жобаларын қорғады. І бағыт - «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде» физика, техника, жер және ғарыш туралы ғылым секцияларынан жалпы саны – 16 оқушы;. ІІ бағыт – «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу» бағыты матемтика, қолданбалы
Аудандық "Үздік педагог –2022" конкурсы өткізілді.
22
октябрь
2022
Аудандық "Үздік педагог –2022" конкурсы өткізілді.
 Лицейіміздің математика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Сағиолданов Талант Бақытұлы орта білім беру ұйымдары арасында мұғалімдердің кәсіби беделін көтеру, оларды қолдау мен көтермелеу, инновациялық педагогикалық білім беру саласының қызметтегі іс-әрекетін таратуға ықпал ету мақсатында ұйымдастырылған аудандық "Үздік педагог – 2022" конкурсының І дәрежелі дипломымен марапатталып, қалалық кезеңге жолдама алды. Ұстазымызға сәттілік тілейміз!
FIRST GLOBAL CHALLENGE - робототехника жарысы.
22
октябрь
2022
FIRST GLOBAL CHALLENGE - робототехника жарысы.
    🔘 FIRST GLOBAL CHALLENGE - робототехникадан өтетін әлемдегі ең беделді жарыстардың бірі. Бұл байқаудың жеңімпаздары әлемнің жетекші университеттеріне түсуге мүмкіндік алады. Биылғы жарыс Швейцарияның Женева қаласында өтті. Еліміздің намысын FIRST Global Challenge ұлттық турнирінің 5 жеңімпаз оқушы қорғап, 167 елдің жасөспірімдерімен сынға түсіп, ұпай саны бойынша рекордпен жеңіске жетті. 🔹 Күллі әлем алдында көк туымызды көкте желбіреткен ұлттық командаға №178 мамандандырылған лицейдің
«Математикадан үздік қысқа мерзімді сабақ жоспары» байқауының қалалық кезеңінің қорытындысы шығарылды.
22
октябрь
2022
«Математикадан үздік қысқа мерзімді сабақ жоспары» байқауының қалалық
     Математика пәнінің мұғалімдерінің кәсіби тәжірибесін зерделеу және қолдау көрсету, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер туралы қоғамдық пікірді қалыптастыру мақсатында өткізілген «Математикадан үздік қысқа мерзімді сабақ жоспары» байқауының қалалық кезеңінің қорытындысы шығарылды. Лицейіміздің математика пәні мұғалімі, педагог-шебер Бектасова Алмагул Ибраимовна қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Марапатыңыз құтты болсын, құрметті Алмагул Ибраимовна!
Лингвистикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өз мәресіне жетті.
21
октябрь
2022
Лингвистикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өз мәресіне жетті.
      2022 жылдың 20 қазан күні 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық лингвистикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Биылғы олимпиада бойынша оқушылар бірден қазақ, орыс, ағылшын тілі мен математика пәндері бойынша білім додасына түсті. №178 мамандандырылған лицейден 8-11 сыныптан 4 оқушымыз қатысып, 8-сыныптан Төлентай Ақбота 2-орын, 9-сынып Сатбай Сымбат арнайы грамота, 10-сынып Қадыр Дариға 2-орын, 11-сынып Утепова Айзада 2 орынды иеленді.  Дарынды шәкірттеріміздің білім додасында
“Жасыл қадам” ұлттық әлеуметтік науқаны аясында ұйымдастырылған “Green Step” жобасы.
21
октябрь
2022
“Жасыл қадам” ұлттық әлеуметтік науқаны аясында ұйымдастырылған
   Қазақстандық ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы, TotalEnergies EP Kazakhstan және ЮНЕСКО-ның Алматыдағы кластерлік бюросының қолдауымен “Жасыл қадам” ұлттық әлеуметтік науқаны аясында ұйымдастырылған “Green Step” жобасының қатысушысы, лицейіміздің биология пәні мұғалімі Айдарова Айдана Берікқызы. Осы жоба аясында үздік сарапшылардың қатысуымен өткізілген оқу-танымдық бағдарламасын тәмамдады және тәжірибелік бөлімінің тапсырмасын ойдағыдай орындап жеңімпаз атанды. Айта кету керек, 12-35
«Алтын сақа» математикалық олимпиадасының лицейішілік кезеңі өтті
21
октябрь
2022
«Алтын сақа» математикалық олимпиадасының лицейішілік кезеңі өтті
21.10.2022 ж. күні №178 мамандандырылған лицей «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебімен бірлесе отырып, 6-сынып оқушылары арасында «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының лицейішілік кезеңін өткізді. Олимпиаданың мақсаты оқушылардың математика ғылымының қыр-сырын жетік меңгеріп, бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеу. Олимпиаданың нәтижесі бойынша жоғары балл жинаған 3 оқушы қалалық кезеңге жолдама алады. Дарынды оқушыларымыздың математика ғылымын жетік меңгеріп, болашақта ғылымның дамуына өз
Шәкірттеріміз халықаралық көрмеде заманауи туынды өнерлерін ұсынды!
20
октябрь
2022
Шәкірттеріміз халықаралық көрмеде заманауи туынды өнерлерін ұсынды!
     MILSET EXPO - Sciences Vostok 12-25 жас аралығындағы ғалымдар арасындағы ғылыми-техникалық шығармашылығының халықаралық көрмесіне №178 мамандандырылған лицейдің талантты шәкірттері ІТ-технологиялар мен робототехника және бағдарламалау саласы бойынша қатысып, өзінің өнертабысын ұсынған болатын. Техника мен биотехнология секциясы бойынша шәкірттердің ұсынған жобалары көпшіліктің көңілінен шығып, көрмеге белсене қатысқаны үшін оқушылар мен жетекшілері арнайы сертификатпен марапатталды. Заман
Қалалық балалар оқулары байқауында Ахмет Жасия жүлделі ІІ орынға ие болды.
17
октябрь
2022
Қалалық балалар оқулары байқауында Ахмет Жасия жүлделі ІІ орынға ие
    ⚜️2022 жылдың 14 қазан күні Республикалық балалар оқулары байқауының қалалық кезеңі өткізілді. Байқау мақсаты: балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ және шетел әдебиетін, ақын-жазушылардың шығармаларын терең зерттеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімді қалыптастыру.  Байқау нәтижесі бойынша №178 мамандандырылған лицейдің 8 сынып оқушысы Ахмет Жасия ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Ауелбекова Айман Айтжановна. ♦️Қанатың талмай, көкке самғап,
Президенттік олимпиадада республикаға жолдама алған жас дарын!
14
октябрь
2022
Президенттік олимпиадада республикаға жолдама алған жас дарын!
   ⚜️2022-2023 оқу жылында жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңі өз мәресіне жетіп, қорытындысы жарияланды.  🎊Нәтиже бойынша №178 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушысы Дубек Нұржайна  І орынды жеңіп алып, республикалық кезеңге жолдама алды.  Жалынды, талантты оқушымыздың жеткен жетістігі құтты болсын!