Жетістіктеріміз » Страница 17 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың лицейішілік іріктеу кезеңі өтті.
17
ноябрь
2022
Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың лицейішілік іріктеу
   2022 жылғы 17 қараша күні 9-11 сыныптарға арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пәндік олимпиадаға қатысатын оқушылар арасында физика пәнінен лицейішілік іріктеу кезеңі өткізілді. Іріктеу нәтижесі бойынша 6 оқушы (9 сынып - 2, 10 сынып - 2, 11 сынып - 2) аудандық кезеңге жолдама алады. №178 мамандандырылған лицейде жыл сайын пәндік олимпиададан дарынды шәкірттеріміз жоғары нәтижеге қол жеткізуде. Биылғы білім додасынан да талантты жастарымызға сәттілік тілейміз!
Жас ғалымдарымыз қалалық ғылыми жоба сайысынан топ жарды!
16
ноябрь
2022
Жас ғалымдарымыз қалалық ғылыми жоба сайысынан топ жарды!
  Жалпы білім беретін пәндерден 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінің нәтижесі бойынша №178 мамандандырылған лицейдің дарынды шәкірттері өте жоғары нәтиже көрсетті. Жалпы саны 23 ғылыми жоба қатысып, 19 жоба жүлделі орын алды. І орын – 4 оқушы, ІІ орын – 9 оқушы, ІІІ орын – 17 оқушы жүлдегер атанып, 4 шәкіртіміз арнайы грамотамен марапатталды. Жас ғалымдарымыз республикалық кезеңге жолдама алу үшін арнайы тестілеуден өтеді. Жетістікке жеткен
Ағылшын тілі бойынша "Балалар жылына арналған" WSDC форматында жолдастық кездесу өткізілді.
16
ноябрь
2022
Ағылшын тілі бойынша "Балалар жылына арналған" WSDC форматында
Қараша айының 16 күні ағылшын тілі бойынша "Балалар жылына арналған" WSDC форматында жолдастық кездесу өткізілді. Кездесу №178 мамандандырылған лицей, №27 гимназия және №1 гимназия оқушылары арасында өтті. Бұл жолдастық кездесуден "Gen-Z-1" тобы жүлделі 1-орынға ие болса, "Gen-Z-2" тобы 2-орынды, ал "De-Teens" тобы 3-орынға ие болды! Құтты болсын!
Алматы қаласы «Мектеп парламенті» көшбасшылары арасында қалалық слёттің жеңімпазы атандық.
14
ноябрь
2022
Алматы қаласы «Мектеп парламенті» көшбасшылары арасында қалалық
Алматы қаласы «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды қолдау орталығының ұйымдастыруымен Алматы қаласы Білім беру мекемелерінің «Мектеп парламенті» көшбасшылары арасында өткен қалалық слётқа қатысып, 1 дәрежелі дипломмен лицейіміздің президенті Есхат Бағжан марапатталды.
Жас ғалымдарымыз ғылыми жобалар конкурсына дайын!
11
ноябрь
2022
Жас ғалымдарымыз ғылыми жобалар конкурсына дайын!
2022 жылы 11 қараша күні №178 мамандандырылған лицейде 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңіне тағы да дайындық жасалды. Оқушылардың жазған ғылыми жұмыстарын саралап, өңдеу жұмыстары жүргізілді. Қалалық кезең 12.11.2022ж. күні «Тұран» университетінде өтеді. Барлық қатысушы жас ғалымдарымызға сәттілік тілейміз!
«Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық байқауының жүлдегерлері анықталды.
10
ноябрь
2022
«Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық байқауының
     "Өрлеу "БАҰО" АҚ ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық байқауының аймақтық кезеңінде жүлделі ІІ орынды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі Рапилова Эльмира Жанатовна, ІІІ орынды ағылшын тілі пәні мұғалімі Досқожаева Нұргүл Елшібекқызы иеленді. Ұстаздарымызды жеңісімен  құттықтаймыз!
«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» қалалық педагогикалық олимпиадасының жеңімпазы атанды.
09
ноябрь
2022
«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» қалалық педагогикалық
  Жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге мұғалімдердің кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған қалалық «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасында лицейіміздің физика пәні мұғалімі Ікрам Дәулетбек Сапақұлы жүлделі ІІІ орынды иеленді.  Марапатыңыз құтты болсын, Дәулетбек Сапақұлы!
8”Ж” сынып оқушысы Аубакир Сафия “Өнер әлемі” байқауында бас жүлде иеленді.
07
ноябрь
2022
8”Ж” сынып оқушысы Аубакир Сафия “Өнер әлемі” байқауында бас жүлде
   №178 мамандандырылған лицейдің 8”Ж” сынып оқушысы Аубакир Сафия Талдықорған қаласында өткен республикалық “Өнер әлемі” байқауында “Тепең көк” күйін шебер орындап, бас жүлдені иеленді. Жеңісің құтты болсын, Сафия!  
Ғылыми жобалар байқауына дайындық жалғасуда.
04
ноябрь
2022
Ғылыми жобалар байқауына дайындық жалғасуда.
     №178 мамандандырылған лицейде 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңіне дайындық жұмыстары жалғасуда. 2022 жылдың 3 қараша күні Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу бағыты бойынша «Математика мен қолданбалы математика» секциясы бойынша оқушылардың дайындығы тағы да сараланды. Оқушылардың Математика ғылымын жетік меңгеруде талантты шәкірттерімізге қалалық кезеңде сәттілік тілейміз!
Ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңіне дайындық жүргізілді.
27
октябрь
2022
Ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңіне дайындық жүргізілді.
     8-11 сынып арасында республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңіне дайындық ретінде №178 мамандандырылған лицейдің дарынды шәкірттері өзара білім додасына түсті. 27.10.2022ж күні Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективті туристік бағыты бойынша «Тарих, Өлкетану, Тіл бөлімі» секцияларынан оқушылар өздерінің ғылыми жобаларын қорғады. Жобаны тексеруге Алатау ауданында әділқазы болып жүрген жоғары білікті мамандар келіп төрешілік етті. Шәкірттеріміз өздерінің жасаған