Ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңіне дайындық жүргізілді. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңіне дайындық жүргізілді.
27
октябрь
2022

Ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңіне дайындық жүргізілді.

     8-11 сынып арасында республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңіне дайындық ретінде №178 мамандандырылған лицейдің дарынды шәкірттері өзара білім додасына түсті. 27.10.2022ж күні Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективті туристік бағыты бойынша «Тарих, Өлкетану, Тіл бөлімі» секцияларынан оқушылар өздерінің ғылыми жобаларын қорғады. Жобаны тексеруге Алатау ауданында әділқазы болып жүрген жоғары білікті мамандар келіп төрешілік етті.
Шәкірттеріміз өздерінің жасаған жобаларын қиналмай қорғап, әділқазылардан қосымша көмек ретінде ақыл-кеңестер мен ұсыныстар алды. Оқушыларымыз жобалар конкурсының қалалық кезеңінде жасаған жұмыстарын жоғары дәрежеде қорғап, жүлделі орындар алып келетіндігіне кәміл сенімдеміз.
Әділ төрешілік етіп, өзінің ақыл-кеңестерімен бөліскен әділқазыларға алғыс білдіреміз және дарынды шәкірттерімізге сәттілік тілейміз!
  

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: