Жетістіктеріміз » Страница 13 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
5-11 сынып оқушылары арасында «Шахмат»  олимпиадасына аудандық іріктеу жарысы өтті.
03
март
2023
5-11 сынып оқушылары арасында «Шахмат» олимпиадасына аудандық
03.03.2023 күні Алатау аудандық Білім бөлімінің ұйымдастыруымен 5-11 сынып оқушылары арасында «Шахмат» олимпиадасына аудандық іріктеу жарысы өтті. Жарысқа №178 мамандандырылған лицейдің 7-11 сынып оқушылары қатысып, нәтижесінде 1, 2, 3 орындарды қанжығаларына байлады. Атап айтсақ 8 «В» сынып оқушысы Майлин Нұрлыхан 🥇 орын, 9 «Б» сынып оқушысы Тойбол Диас 🥈 орынды иеленіп, қалаға жолдама алды. 11«Г» сынып оқушысы Разбеков Алишер мен 7 «Ғ» сынып оқушысы Габиден Райана 🥉 орындарға ие болды. Алдағы
Халықаралық зерттеу жобалар конкурсында топ жарған жас зерттеушілер
03
март
2023
Халықаралық зерттеу жобалар конкурсында топ жарған жас зерттеушілер
📚 2023 жылғы 1-3 наурыз күндері аралығында өткізілген Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механикадан ХІІІ Халықаралық зерттеу жобалар конкурсы өз мәресіне жетті. Конкурсқа Тәжікстан, Қырғызстан Республикаларынан және Қазақстанның барлық өңірлерінен 112 жобамен 150 оқушы өздерінің авторлық ғылыми-зерттеу жобаларын ұсынды. Білім мен ғылымды ұштастыра білген дарынды оқушыларымыз: - Жалғасбек Адал мен Маратова Аяжан «Экономикалық тұрақсыздық жағдайында шағын бизнестің ұлттық экономикадағы
«Алматы экономикалық колледжі» МККК базасында «Тәжірибе алмасу - кәсіби қажеттілікті шыңдау» тақырыбында өңіраралық семинар өтті.
02
март
2023
«Алматы экономикалық колледжі» МККК базасында «Тәжірибе алмасу -
Алматы облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері мен Алматы қаласының мектеп мұғалімдері арасында өзара тәжірибе алмасу мақсатында 2023 жылдың 28 ақпанында Алматы қаласындағы «Алматы экономикалық колледжі» МККК базасында «Тәжірибе алмасу - кәсіби қажеттілікті шыңдау» тақырыбында өңіраралық семинар өтті. Осы семинарда математика пәнінің мұғалімі Л.Е.Алмабекова және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Р.С.Сатбаева тәжірибе бөлісті.
Шәкірттеріміз Ө. Жолдасбеков атындағы халықаралық конкурсқа қатысуда!
01
март
2023
Шәкірттеріміз Ө. Жолдасбеков атындағы халықаралық конкурсқа қатысуда!
2023 жылдың 1-3 наурыз күндері Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің механика-математика факультеті базасында «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механикадан ХІІІ Халықаралық зерттеу жобалар конкурсы өткізілуде. Халықаралық дәрежеде өткізіліп жатқан ғылыми зерттеу конкурсына №178 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушылары Әубакир Іңкар, Мұқаш Ермұхан, Жалғасбек Адал және Маратова Аяжан өздерінің ғылыми жобасын
2022-2023 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің қоғамдық-гуманитарлық бағытының қорытындысы
18
февраль
2023
2022-2023 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша
2023 жылдың 16-17 ақпан аралығында 9-11 сыныптарға арналған жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша қалалық кезеңінен № 178 мамандандырылған лицей оқушыларының жетістіктері. Ағылшын тілі пәні бойынша: ІІ дәрежелі дипломмен Халыков Саги (11 сынып); Орыс тілі пәні бойынша: ІІ дәрежелі дипломмен Байжума Айзере (9 сынып); Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша: ІІІ дәрежелі дипломмен Марат Айғаным (10 сынып);   ІІ дәрежелі дипломмен Орынбасарқызы
"Ұлттық мектеп лигасы" аясында футзалдан өткен аудандық жарыста 9-11 сынып оқушылары жеңімпаз атанды.
16
февраль
2023
"Ұлттық мектеп лигасы" аясында футзалдан өткен аудандық жарыста 9-11
Алатау ауданы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Ұлттық мектеп лигасы" аясында футзалдан өткен тартысты жарыста №178 мамандандырылған лицейдің 9-11 сынып оқушылары🥇 орынға ие болып, жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, олар қалалық кезеңге жолдама алды. Құттықтаймыз!!!
Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының алғыс хаты табыс етілді.
16
февраль
2023
Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының алғыс
N178 мамандандырылған лицейдің директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы полковник Ф.Курмангажиновтың алғыс хатымен марапатталды.
2022-2023 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің жаратылыстану-математика бағытының қорытындысы
15
февраль
2023
2022-2023 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша
2023 жылдың 13-14 ақпан аралығында 9-11 сыныптарға арналған жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың жаратылыстану-математика бағыты бойынша қалалық кезеңінен № 178 мамандандырылған лицей оқушыларының жетістіктері. Физика пәні бойынша: ІІІ дәрежелі дипломмен Омар Нұрфараби (9 сынып), Орынтай Сабина (9 сынып), Мырзабекова Марал (10 сынып); ІІ дәрежелі дипломмен Еламан Арсен (10 сынып);  І дәрежелі дипломмен Турлубек Елжас. Математика пәні бойынша : ІІ дәрежелі дипломмен Қайса
«Мен Қазақстанды не үшін сүйемін?..» шығармашылық байқаудың жүлдегері анықталды.
14
февраль
2023
«Мен Қазақстанды не үшін сүйемін?..» шығармашылық байқаудың жүлдегері
«Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы жалпы орта білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасында «Мен Қазақстанды не үшін сүйемін?..» шығармашылық байқауының қалалық кезеңінде N178 мамандандырылған лицейдің 9 "Г" сынып оқушысы Сайлаубек Нұрай 🥈 орын алғаны үшін дипломмен марапатталды.
«Педагогикалық технологиялар панорамасы» қалалық байқауында  математика пәнінің мұғалімі Амалбекова Лунара Еркиновна ІІ орын иеленді.
13
февраль
2023
«Педагогикалық технологиялар панорамасы» қалалық байқауында
«Педагогикалық технологиялар панорамасы» қалалық байқауында №178 мамандандырылған лицейдің математика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Амалбекова Лунара Еркиновна өз тәжірибесіне жоғары кәсіби инновациялық бағдарламалар мен технологияларды енгізуде үздік шығармашылығын көрсетіп Лунара Еркиновна жеңісіңіз құтты болсын!