Жетістіктеріміз » Страница 11 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Open Air Sport» байқауына орай 5-11 сынып оқушылары арасында шахмат турнирінің аудандық іріктеу кезеңі өтті.
21
апрель
2023
«Open Air Sport» байқауына орай 5-11 сынып оқушылары арасында шахмат
     Алматы қаласы Алатау ауданы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 20 сәуір күні «Алматы БАЛАFEST» фестивалі аясында Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне арналған «Open Air Sport» байқауына орай 5-11 сынып оқушылары арасында шахмат турнирінің аудандық іріктеу кезеңі өтті. Турнир 2-4 сыныптар, 5-8 сыныптар және 9-11 сыныптардың жас ерекшеліктеріне байланысты жүргізілді. Бұл турнирге лицейімізден 6-11 сыныптардың оқушылары қатысты. Шәкірттеріміз шахмат жарысында топ жарып,
"Өз жұлдызыңды жақ" аудандық байқауында физика пәнінің мұғалімі Исакова Ж.Б. жеңімпаз атанды.
17
апрель
2023
"Өз жұлдызыңды жақ" аудандық байқауында физика пәнінің мұғалімі
Жас педагогтердің әлеуметтік мәртебесін арттыру және шығармашылық әлеуетін жандандыру, одан әрі кәсіби өсуіне жағдай жасау мақсатында «Өз жұлдызыңды жақ» қалалық байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Байқау нәтижесінде физика пәнінің мұғалімі Исакова Жанар Бахтиярқызы Бас жүлдені иеленіп, жеңімпаз атанды. Жанар Бахтиярқызын жеңісімен құттықтап, қалалық байқауда сәттілік тілейміз!
5-8 сынып оқушыларына арналған  «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының аудандық кезеңі өтті.
14
апрель
2023
5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» экологиялық жобалар
5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының аудандық кезеңі өтті. Конкурстың негізгі мақсаты - экологиялық проблемаларға қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау. «ProEco» экологиялық жобалар конкурсы бірнеше бағытта жүргізілді және лицей оқушылары қатысып, жүлделі оралды: 1. «Таза қала сізден басталады» бағытының жеңімпазы 8 «Ә» сыныбының оқушысы Файзрахман Расул 🥇 орынмен марапатталды. Жетекшісі: Айдарова Айдана
«ХХІ ғасырдың ұлттық сана және білім беру: заманауи педагогтың көзқарасы» тақырыбындағы V қалалық педагогикалық оқуларының «Білім берудегі менеджмент» бағыты бойынша жеңімпаз анықталды.
11
апрель
2023
«ХХІ ғасырдың ұлттық сана және білім беру: заманауи педагогтың
Педагогтердің кәсіби қарым-қатынасы мен шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруы, тиімді педагогикалық тәжірибені тарату мақсатында өткізілген «ХХІ ғасырдың ұлттық сана және білім беру: заманауи педагогтың көзқарасы» тақырыбындағы V қалалық педагогикалық оқуларының «Білім берудегі менеджмент» бағыты бойынша №178 мамандандырылған лицейдің директоры Шадиев Кайратбек Хамзаханович І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жеңісіңіз құтты болсын, Кайратбек Хамзаханович!
«Жат қылықтарсыз да өмір сүре білейік» қалалық ғылыми жобалар конкурсы
10
апрель
2023
«Жат қылықтарсыз да өмір сүре білейік» қалалық ғылыми жобалар конкурсы
 №178 мамандандырылған лицейдің дарынды оқушылары Доғдырбай А., Жұманазар А., Файзрахман Р. «Жат қылықтарсыз да өмір сүре білейік»  тақырыбында қалалық ғылыми жобалар конкурсына қатысты. Конкурс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет ғимаратында өтті. Жалпы 18 команда қатысып, шәкірттеріміз 🥈 ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Ғылыми жетекшісі: Баймуратов Алибек Кыдырхожаевич. Дарынды жас ғалымдарымыздың жеткен жетістіктерімен шын жүректен құттықтап, болашақта ғылым саласында
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық зерттеу жобалар конкурсының қорытынды кезеңі
07
апрель
2023
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушыларына арналған
🔰 Жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық зерттеу жобалар конкурсының қорытынды кезеңі ағымдағы жылдың 3-7 сәуір аралығында өткізілді. ✔️ Конкурста еліміздің барлық өңірлерінен 900-ден астам оқушы 19 секция бойынша 718 жобамен бақ сынады. Білім мен ғылымды ұштастыра білген дарынды оқушыларымыз: 🔸 Беделханов Олжас пен Өмен Меруерт «Қоршаған ортаның әсерінен болатын ауруларға қарсы тaржaпырaқты  күреңoт дәрілік өcімдік шикізaтынaн алынған экcтрaкт
"IQ Almaty" телевикторинасының қатысушысы, 11 "Ж" сынып оқушысы Болат Тамерлан марапатталды.
03
апрель
2023
"IQ Almaty" телевикторинасының қатысушысы, 11 "Ж" сынып оқушысы Болат
Almaty TV арнасының ұйымдастыруымен жоғары сынып оқушылары арасында өткен "IQ Almaty" телевикторинасында белсенді қатысқаны үшін №178 мамандандырылған лицейдің 11 "Ж" сынып оқушысы Болат Тамерлан алғыс хатпен марапатталды.
"WorldSkills Kazakhstan" стандарттары бойынша "JasSkills Almaty – 2023" қалалық кәсіби шеберлік  чемпионаты өтті.
30
март
2023
"WorldSkills Kazakhstan" стандарттары бойынша "JasSkills Almaty –
"WorldSkills Kazakhstan" стандарттары бойынша "JasSkills Almaty – 2023" қалалық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. 178 мамандандырылған лицейден "WEB ТЕХНОЛОГИЯ" құзыреттілігі бойынша Дәуренұлы Әділнұр 🥈орын, Сембек Еркебұлан ҮЗДІК МАМАН дипломмен марапатталды. Шәкірттерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!
Алматы қаласы V жас математика мұғалімдеріне арналған шығармашылық байқау өткізілді.
29
март
2023
Алматы қаласы V жас математика мұғалімдеріне арналған шығармашылық
Қазақстан математика мұғалімдер қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізілген Алматы қаласы V жас математика мұғалімдеріне арналған шығармашылық байқауда №178 мамандандырылған лицейдің математика пәнінің мұғалімдері Әділбеков Ермұрат Нұрғанымұлы, Рахымбекұлы Досжан ІІ орын иеленді. Марапаттарыңыз құтты болсын!
Лицей оқушылары XVIII Республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаның жүлдегері атанды.
27
март
2023
Лицей оқушылары XVIII Республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен
2023 жылдың 16-18 наурыз аралығында Щучье қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 2-7 сынып оқушыларына арналған XVIII Республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының қорытынды кезеңі өтті. №178 мамандандырылған лицейдің 6 сынып оқушылары Қайрат Нариман мен Марат Інжу қатысып, жүлделі ІІ орын иегерлері атанды. Жас зерттеушілерімізді бағындырған белестерімен құттықтаймыз!