«Open Air Sport» байқауына орай 5-11 сынып оқушылары арасында шахмат турнирінің аудандық іріктеу кезеңі өтті. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Open Air Sport» байқауына орай 5-11 сынып оқушылары арасында шахмат турнирінің аудандық іріктеу кезеңі өтті.
21
апрель
2023

«Open Air Sport» байқауына орай 5-11 сынып оқушылары арасында шахмат турнирінің аудандық іріктеу кезеңі өтті.

     Алматы қаласы Алатау ауданы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 20 сәуір күні «Алматы БАЛАFEST» фестивалі аясында Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне арналған «Open Air Sport» байқауына орай 5-11 сынып оқушылары арасында шахмат турнирінің аудандық іріктеу кезеңі өтті. Турнир 2-4 сыныптар, 5-8 сыныптар және 9-11 сыныптардың жас ерекшеліктеріне байланысты жүргізілді. Бұл турнирге лицейімізден 6-11 сыныптардың оқушылары қатысты. Шәкірттеріміз шахмат жарысында топ жарып, үздіктердің қатарынан орын алды. Командалық үздік ойын нәтижесінде, лицей оқушылары 5-8 сыныптар арасында және 9-11 сыныптар арасында да 🥇орын иеленіп, қалалық кезеңіне жолдама алды. Шәкірттерімізді құттықтаймыз және қалалық кезеңінен де қанжығалы оралуына тілектеспіз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: