Шахматтан 5-11 сынып оқушылары арасында «Ақбозат» атты Ұлттық мектеп лигасының қалалық іріктеу кезеңі өткізілді. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Шахматтан 5-11 сынып оқушылары арасында «Ақбозат» атты Ұлттық мектеп лигасының қалалық іріктеу кезеңі өткізілді.
28
декабрь
2022

Шахматтан 5-11 сынып оқушылары арасында «Ақбозат» атты Ұлттық мектеп лигасының қалалық іріктеу кезеңі өткізілді.

     Алматы қаласы Білім басқармасы «Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығы» ұйымдастыруымен 2022 жылдың 17 желтоқсан күні шахматтан 5-11 сынып оқушылары арасында «Ақбозат» атты Ұлттық мектеп лигасының қалалық іріктеу кезеңі өткізілді. Ұлттық мектеп лигасына лицейімізден 8-11 сынып оқушылары қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Атап айтсақ, 7-8 сыныптар бойынша ІІ орын - Мухаметканов М., Майлин Н., Маулен А., Нұғыман З. және 9-11 сыныптар бойынша ІІ орын - Қадыр С., Қайса Н., Іргебай Б., Тойбол Д. Сонымен қатар, денешынықтыру мұғалімдері Утешова М.К. мен Молдахмет Н. Ұлттық мектеп лигасына жас спортшыларды жоғары деңгейде дайындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: