Шахматтан 8-17 жас аралығындағы қалалық мектеп оқушыларының жарысында топ жарды. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Шахматтан 8-17 жас аралығындағы қалалық мектеп оқушыларының жарысында топ жарды.
15
март
2022

Шахматтан 8-17 жас аралығындағы қалалық мектеп оқушыларының жарысында топ жарды.

     8-17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Шахматтан "KAISSA" Академиясында өткен қалалық мектеп оқушыларының жарысына №178 мамандандырылған лицейдің оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Жарысқа қала бойынша ең мықты деген 25 оқушы қатысты. Жасөспірімдер арасында №178 мамандандырылған лицейдің 6 «Г» сынып оқушысы Жуматай Азамат 4 разряд бойынша I орын алса, 6 «Д» сынып оқушысы Өтелбай Нурасыл осы жарыстың жалпы есебі бойынша I орын иеленді. Оқушыларымыз қоржындарына Алтын медальдарын салып, №178 мамандандырылған лицейдің намысын қолдан бермей келеді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: