9-11 сынып оқушыларына арналған Ұлттық пікірсайыс турнирінің аудандық кезеңі өтті. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 9-11 сынып оқушыларына арналған Ұлттық пікірсайыс турнирінің аудандық кезеңі өтті.
18
январь
2023

9-11 сынып оқушыларына арналған Ұлттық пікірсайыс турнирінің аудандық кезеңі өтті.

Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығының жоспарына сәйкес Алматы қаласы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушыларына арналған Ұлттық пікірсайыс турнирінің аудандық кезеңі 2023 жылдың 16 қаңтарында өтті. Турнирге Алатау ауданы бойынша қазақ лигасынан 20 команда қатысты.
Төрешілердің шешімі бойынша жүзден жүйрік атанып, N178 мамандандырылған лицейдің “Алаш жастары” дебат клубының оқушылары Оқан Асыл мен Бақытбек Ақбота 1 орынды иеленіп, қалалық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Э.Ж. Рапилова. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: