«Алматы БАЛАFEST» фестивалі аясында 6-8 сынып оқушылары арасында Шахматтан лицейішілік іріктеу жарысы өтті. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Алматы БАЛАFEST» фестивалі аясында 6-8 сынып оқушылары арасында Шахматтан лицейішілік іріктеу жарысы өтті.
07
апрель
2023

«Алматы БАЛАFEST» фестивалі аясында 6-8 сынып оқушылары арасында Шахматтан лицейішілік іріктеу жарысы өтті.

Алматы қаласы Алатау ауданы № 178 мамандандырылған лицейде Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне арналған «Open Air Sport» байқауына орай «Алматы БАЛАFEST» фестивалі аясында 6-8 сынып оқушылары арасында Шахматтан лицейішілік іріктеу жарысы өтті. Жарыстың басты мақсаты оқушылар арасында спорттың шахмат түрін кеңінен насихаттау, жас ойыншылардың кәсіби шеберлігін арттыру, балалар арасында жаңа дарынды ойыншыларды анықтау, оқушылардың ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Жарысқа 6-8 сыныптың ең мықты деген шахматшылары қатысып, ойын барысында бар шеберліктерін салып, тартысқа толы ойын өрнегін көрсетті. Ойын нәтижесінде үздік ойын өрнегін көрсеткен оқушылар ойлау қабілеттерінің ұшқыр екенін тағы бір дәлелдеді. Жарыс соңында үздік ойыншылар анықталып, лицей директоры К.Х.Шадиевтің мақтау қағазымен марапатталды. Нәтижесінде 8 «В» сынып оқушысы Майлин Нұрлыхан 🥇 орынды иеленіп Аудандық іріктеу жарысына жолдама алды. Ал, 8 «Г» сынып оқушысы Үшкемпіров Қажыкен 🥈орынға тұрақтаса, 8 «Ж» сынып оқушысы Маулен Айбар 🥉 орынды иеленді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: