Лицейде әйелдер арасында облыс және қалааралық волейболдан турнир өткізілді. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Лицейде әйелдер арасында облыс және қалааралық волейболдан турнир өткізілді.
14
март
2023

Лицейде әйелдер арасында облыс және қалааралық волейболдан турнир өткізілді.

№178 мамандандырылған лицей 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ҚР-ның әуесқой волейбол федерациясымен бірге әйелдер арасында облыс және қалааралық волейболдан турнир өткізді. Жарысқа 6 команда қатысты: "Жамбыл", "Жаркент", "Қарасай", "Ретро" (Алматы қ.), "Талғар" және "Ұзынбұлақ" командалары. Жарыстың ашылу салтанатында №178 мамандандырылған лицей директоры Қ.Х. Шадиев, ҚР-ның әуесқой волейбол федерациясының президенті М.Ш. Мурашов және волейболдан ҚР-ң спорт шебері, ардагер М. Мухаметжанов жарысқа қатысушы қыз-келіншектерді мерекелерімен құттықтап, жеңіс тіледі және жемістен жасалған гүл шоқтарын табыстады. Лицейіміздің биші, ару қыздары өз өнерлерін көрсетіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жарыс өте қызықты әрі тартымды, жоғары дәрежеде өтті. Жарыс соңында жеңімпаз командалар мен үздік ойыншылар анықталып, бағалы сыйлықтар және мақтау қағаздарымен марапатталды. Жарыстың қорытындысы бойынша 🥇 орын – "Жамбыл" командасы, 🥈 орын – "Жаркент" командасы, 🥉 орын – "Ретро" (Алматы қ.) командасы иеленді. Құтты болсын!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: