«Өнер сүйген, білім сүйген!» атты Алматы қаласы білім беру мекемелерінің қызметкерлері арасында волейболдан турнир өтті. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Өнер сүйген, білім сүйген!» атты Алматы қаласы білім беру мекемелерінің қызметкерлері арасында волейболдан турнир өтті.
28
февраль
2022

«Өнер сүйген, білім сүйген!» атты Алматы қаласы білім беру мекемелерінің қызметкерлері арасында волейболдан турнир өтті.

    «Эстетикалық пәндер, дене шынықтыру, АӘ және технологиялық дайындық» кафедрасының онкүндігінің ашылуына орай, 26.02.22 күні «Өнер сүйген, білім сүйген!» атты Алматы қаласы білім беру мекемелерінің қызметкерлері арасында волейболдан турнир өтті. Турнирге №1 лицей, №81 мектеп-гимназия, №104 ЖББМ, №136 мектеп-гиназия, №178 мамандандырылған лицей және "Ұлан" гвардиясының командалары қатысты. Жарыстың мақсаты, салауатты өмір салтын насихаттай отырып, Алматы қаласы қазақ мектептерінің ұстаздары, бір-бірімен танып, араласып, тәжірибе, пікір алмасып мектептің мәртебесін көтеру. Окүндіктің ашылуына Алматы қаласы «Ұстаз» кәсіподақ ұйымының төраға кеңесшісі Назарбетов Қожахмет Тайболатұлы, 1992 жылдары №136 мектеп-гимназияның директоры қызметін атқарған, қазіргі таңда зейнеткерлік демалысқа шыққан Қарағойшиев Қайырболат Каримуллинович және №178 мамандандырылған лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханович қатысып, турнирге қатысушыларға жеңіс тіледі. Турнир өте жоғары дәрежеде, тартымды, қызықты өтті. Турнир соңында жеңімпаздар анықталып, III орынды № 104 ЖББМ, II орынды №1 лицей, I орынды № 178 мамандандырылған лицей иеленді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: