ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен желтоқсан көтерілісінің 35 жылдығына арналған волейболдан қалалық турнир өтті. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен желтоқсан көтерілісінің 35 жылдығына арналған волейболдан қалалық турнир өтті.
28
сентябрь
2021

ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен желтоқсан көтерілісінің 35 жылдығына арналған волейболдан қалалық турнир өтті.

№178 мамандандырылған лицейде ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен желтоқсан көтерілісінің 35 жылдығына арналған волейболдан қалалық турнир өтті. Жарысты ұйымдастыруда патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Т. Құрымбаев, Алатау ауданы әкімдігі және ПҚ «Желтоқсан Ақиқаты» РҚБ Алатау аудандық филиалының төрағасы Н. Суюнов, жарыстың бас төрешісі Х.О. Баядилов белсенділік танытты. Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде, жарысты ұйымдастырушылар мен лицей директоры Қ.Х. Шадиев сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға жеңіс тілеп тіледі. Турнирде лицейдің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері жоғары деңгейде төрешілік етті. Турнир соңында Алатау ауданы әкімінің орынбасары Б.Е. Сәбитов, жарысты ұйымдастырушылар мен лицей директоры Қ.Х. Шадиев жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен, диплом және медальдармен марапаттады. Жарыстың қорытындысы бойынша I орынды Алатау ауданы, II орынды Әуезов ауданы, III орынды Жетысу ауданы, IV орынды Медеу ауданы, V орынды Наурызбай ауданы, VI орынды Бостандық аудандары иеленді. Сонымен қатар, лицей директоры Қ.Х. Шадиев, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері М.Қ. Утешова, Н.Т. Молдахмет, Б.А. Бизақов, Е.М. Базарбаев, Е.М. Әнәпьяев Республикалық қоғамдық бірлестігі мен Алатау ауданы әкімдігінің Алғыс хаты және дипломдарымен марапатталды.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: