Тәуелсіздік күніне орай шағын футболдан «Лицей кубогы» өткізілді » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тәуелсіздік күніне орай шағын футболдан «Лицей кубогы» өткізілді
14
декабрь
2019

Тәуелсіздік күніне орай шағын футболдан «Лицей кубогы» өткізілді

    Лицейімізде Тәуелсіздік күніне орай 9 сынып оқушылары арасында шағын футболдан «Лицей кубогы» өткізіліп, командалар өзара мықтыны анықтады. 
    Сонымен жеңімпаз және жүлделі орын алған командаларға назар аударайық. 
    І-орын:  9 «Б» сыныбы
    ІІ-орын: 9 «Ғ» сыныбы 
    ІІІ-орын: 9 «Г» сыныбы. 
    Сондай-ақ номинация бойынша марапатталған оқушылар: «Ең үздік қорғаушы» – Нұржан Тұрсынов, «Ең үздік капитан» – Әлихан Серікұлы. «Ең үздік қақпашы» – Ерасыл Омар, «Ең үздік ойыншы» – Райымбек Молдан. «Ең үздік шабуылдаушы» – Нұрәли Амреев болып танылды. 
    Бұл жарысты лицейіміздің  жанынан құрылған «Ел жастары» клубының жетекшілігімен ер балалар арасындағы спорт министрі Нұржан Тұрсынов және оның көмекшілері Сұңқар Алмас, Дәулет Исахан, Бейбарыс Жақсыбек, Әлихан Серікұлы есімді біздің белсенді оқушыларымыз бен «Дене шынықтыру және музыка мен көркем еңбек» кафедрасының меңгерушісі Мира Утешова бүгінгі жарыстың өтуіне ат салысып, жоғары деңгейде ұйымдастырды. 
    Ал бас төреші қызметін дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Естай Анапьяев атқарды. Жарыстың ойдағыдай өтуіне мүмкіндік берген лицейіміздің директоры Қайратбек Хамзаханұлына және жарысқа қатысқан, жарыстың өтуіне ат салысқан барша оқушыларымыз бен мұғалімдерімізге өз алғысымызды білдіреміз.
    Құрметпен, «Ел жастары» клубының жетекшісі Әбілқайыр Тілеужан




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: