«Педстарт» мұғалімдерге арналған қашықтық олимпиада » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Педстарт» мұғалімдерге арналған қашықтық олимпиада
16
апрель
2020

«Педстарт» мұғалімдерге арналған қашықтық олимпиада

«Педстарт» мұғалімдерге арналған қашықтық олимпиада жалғасуда!

«Дарын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылдың сәуір айының 14-16 күндері Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының Қазақстан тарихы, қазақ тілі және орыс тілі пән мұғалімдері үшін «ПедСтарт» қашықтықтан олимпиадасы өткізілуде.   

Олимпиада мұғалімдердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға, олардың кәсіби деңгейі мен педагогикалық шеберлігін арттырады. Сонымен қатар компьютерлік ақпараттық технологияларды енгізу қажеттілігін өзектендіріп, оқытудың дәстүрлі және компьютерлік әдістерін ұштастыру есебінен білім беру процесінің тиімділігін арттыруға ықпал етері сөзсіз. 

Осындай мүмкіндіктерді пайдалана отырып лицейіміздің қазақ тілі. Орыс тілі, Қазақстан тарихы пәндерінің 22 мұғалімі қашықтық олимпиадаға қатысты. Қатысушы ұстаздарымызға сәттілік тілейміз! Бірге болайық!



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: