Оқу бағдарламаларында оқу нәтижелеріне қол жеткізу үшін қашықтықтан оқыту жағдайында оқу-әдістемелік құжаттарды қолдану » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқу бағдарламаларында оқу нәтижелеріне қол жеткізу үшін қашықтықтан оқыту жағдайында оқу-әдістемелік құжаттарды қолдану
15
апрель
2020

Оқу бағдарламаларында оқу нәтижелеріне қол жеткізу үшін қашықтықтан оқыту жағдайында оқу-әдістемелік құжаттарды қолдану

   15.04.2020ж. Алматы қаласында Білім беру бағдарламалары авторларының қатысуымен «Оқу бағдарламаларында оқу нәтижелеріне қол жеткізу үшін қашықтықтан оқыту жағдайында оқу-әдістемелік құжаттарды қолдану» тақырыбында онлайн-мәжіліс өтті. Мәжілісте жоғары және орта білім беру жүйесіндегі қашықтықтан оқытудың өзекті мәселелері талқыланып, оларды оңтайлы шешудің жолдары жайлы ұсыныстар қабылданды. Онлайн-мәжіліске қатысқан профессор-оқытушылар құрамы: Сайлибаева Жанель Ерсуновна - з.ғ.к., аға оқытушы, заң факультеті, Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы қ. , Жазылбек Ләззат Исатайқызы - Алматы қ. Абай атындағы ҚазҰПУ заң кафедрасының доценті, Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы - Алматы қаласының №178 лицейінің директоры, Нұрман Шолпан Төрегелдіқызы - тарих ғылымдарының кандидаты, Алматы қаласы Абай атындағы ҚазҰПУ Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, Жалмағамбетов Ерланбек Адылбекұлы - Алматы қ. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы. Онлайн-мәжілістің өтуіне ықпал етіп жүргізген PhD докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессоры Асымова Дарья Болатқызына өз алғысымызды білдіреміз.
  

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: