«Отбасы – тәрбиенің басты ұясы» » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
сентябрь
2019

«Отбасы – тәрбиенің басты ұясы»

     Алматы қаласы, Алатау ауданына қарасты №178 лицейінде «Отбасы  –  тәрбиенің басты ұясы»  атты тақырыпта төменгі сынып оқушыларының  ата-аналарымен жиналыс өткізілді. 
     Жиналысты лицей  директоры Шадиев Кайратбек жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, барша ата-аналарға жемісті, нәтижелі оқу жылы болсын деп өзінің жылы лебізін білдіріп, жиналысқа келген ата-аналарға өз ризашылығын білдірумен бастады.
Жиналыста «бала тәрбиесі, отбасы құндылығы, лицейдің ішкі тәртіп ережелері, лицей жетістіктері, салауатты өмір салты, аурудың алдын алу, жол ережесі, оқушылардың қауіпсіздігі, лицейдегі қамқоршылық кеңес» т.б. өзекті мәселелер кеңінен талқыланып,  маңызды ақпараттар ата-аналарға жеткізілді. 
     Абай атындағы ҚазҰПУ-дың пед. ғ. к., Сейітқазиев Руслан  ата-аналарға «Адам өмірінің дамуы» атты тақырыпта баяндама жасап,  отбасы құндылығын туралы маңызды ақпараттарымен бөлісті.
     Ал, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлнафис Абатовна лицей жетістіктері мен биылғы оқу жылына белгіленген ережелермен таныстырып, алдағы уақытта лицей төңірегінде атқарылатын жұмыстарды баяндады. 
     Жиналыс соңында ата-аналарға сөз беріліп, жеке ұсыныстары қабылданды.
     Сонымен қатар лицей директоры ата-аналармен қамқоршылық кеңес арқылы өз еркімен көмек қолын созу туралы ақпаратпен де бөлісті. 
     Алдағы уақытта лицейдің дамуы жолында ата-аналармен бірлесіп, жұмыс жасауға шақырамын деді,- Кайратбек Шадиев.
     2019-2020 оқу жылына бекітілген алғашқы ата-аналар жиналысы кең көлемде, ашық түрде, еркін форматта өткізілді.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: