1 қыркүйек - Білім күні » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2019

1 қыркүйек - Білім күні

             


     1 қыркүйек «Білім күні» мерекесіне орай №178 лицейінде «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты тақырыпта алғашқы қоңырауға арналған салтанатты жиын өте жоғары деңгейде өткізілді. Жиында мемлекеттік туымызды 11 сыныптың озат оқушылары арнайы салтанатты түрде енгізіп, айбынды әнұранымыз шырқалып, ҚР рәміздеріне үлкен құрмет көрсетілді.
     Лицейіміздің белсенді, өнерпаз оқушылары әннен шашу шашып, домбыра тартып, қазақтың күйлерін құлағымыздың құрышын қандырып, рухтандырса, ал, 5 сынып оқушылары алғашқы қоңырауларын соғып, бүгінгі жиынның сәнін келтірді.
    Сондай-ақ, ҚР Білім және ғылым министрлігінің арнайы Құрмет грамоталары лицейдің үздік педагогтарына табыс етілген болатын.
     Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы сөз алып, биылғы оқу жылында барша ұжымға бірауыздан сәттілік тілеп, ұзақ жылдар бойы лицейімізде абыройлы қызмет атқарып келе жатқан бірнеше ұстаздар қауымын алғыс хаттармен марапаттап, құрмет көрсетті.
     Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлжан Сауытқызы оқу жылындағы маңызды ақпараттарды таныстырып, жаңа оқу жылының жоспарларымен бөлісті.
     2019-2020 ж.ж жаңа оқу жылы құтты болсын!
     Еліміз қарқынды дамып, саналы ұрпақтардың саны көп болсын!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: