«Отбасы – тәрбиесінің басты ұясы» » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
сентябрь
2019

«Отбасы – тәрбиесінің басты ұясы»

    

     Алматы қаласы, Алатау ауданына қарасты №178 лицейінде «Отбасы  –  тәрбиесінің басты ұясы»  атты тақырыпта жоғары сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс өткізілді. 
     Жиналысты лицей  директоры Шадиев Кайратбек жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, барша ата-аналарға жемісті, нәтижелі оқу жылы болсын деп өзінің жылы лебізін білдірді. 
    Сондай-ақ жиналыста «бала тәрбиесі, отбасы құндылығы, лицейдің ішкі тәртіп ережелері, лицей жетістіктері, салауатты өмір салты, аурудың алдын алу, жол ережесі, оқушылардың қауіпсіздігі» т.б. өзекті мәселелер кеңінен талқыланып,  маңызды ақпараттар ата-аналарға жеткізілді. 
     Абай атындағы ҚазҰПУ-дың пед. ғ. к., Сайдахметов Бауыржан ата-аналарға «Бала тәрбиесі» атты тақырыпта баяндама жасап,  отбасы құндылығын туралы маңызды ақпараттарымен бөлісті.
     Ал, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлнафис Абатовна лицей жетістіктері мен биылғы оқу жылына белгіленген ережелермен таныстырып, алдағы уақытта лицей төңірегінде атқарылатын жұмыстарды баяндады. 
     Жиналыс соңында ата-аналарға сөз беріліп, жеке ұсыныстары қабылданды.
     2019-2020 оқу жылына бекітілген алғашқы ата-аналар жиналысы кең көлемде, ашық түрде, еркін форматта өткізілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: