«Жыл мұғалімі-2020» байқауы мәресіне жетті » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жыл мұғалімі-2020» байқауы мәресіне жетті
22
февраль
2020

«Жыл мұғалімі-2020» байқауы мәресіне жетті

   Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында педагог мәртебесін көтеретін барлық игіліктерді қарастыру туралы тапсырмасына және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында айтылған ұлттың табысты болуы адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады, сондықтан тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың басты бағытының бірі – бәсекелестік қабілетін дамыту деген тұжырымына сәйкес Алматы қаласы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері арасында өткізілетін «Алматының жыл мұғалімі» байқауының бірінші сатысы – лицейішілік «Жыл мұғалімі-2020» байқауы ағымдағы жылдың ақпан өткізілді. Байқауға лицейдің тәжірибелі ұстаздары қатысты. Байқау өте мазмұнды да қызықты өтті. Байқау барысында мұғалімдер шығармашылық жағынан жан-жақты сынға түсіп, жаңа идеяларымен де бөлісті. 
    Қорытындысында "Жыл мұғалім-2020" байқауының жеңімпазы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ауелбекова Айман Айтжанқызы, жүлделі ІІ орынға математика пәнінің мұғалімі Сағиолданов Талант және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Усентаева Бағлан ие болды, ал ІІІ орын орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ханасилова Сабина мен биология пәнінің мұғалімі Джумабаева Гүлнарға берілді. «Үздік тәрбие сағаты» номинациясы бойынша математика пәнінің мұғалімі Ахмеджанова Айжан, «Үздік сабақ» номинациясына физика пәнінің мұғалімі Жумагулова Сагила, «Зерттеуші ұстаз» номинациясымен тарих пәнінің мұғалімі Шынасыл Ғалымжан марапатталды. Құттықтаймыз!!!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: