Лицейіміздің оқушылары Еуразиялық олимпиадасында жүлделі орындарға ие болды » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Лицейіміздің оқушылары Еуразиялық олимпиадасында жүлделі орындарға ие болды
05
декабрь
2019

Лицейіміздің оқушылары Еуразиялық олимпиадасында жүлделі орындарға ие болды

     «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Алматы қаласында Қазақстан-Британ Техникалық Университетінің базасында 2019 жылдың 29 қараша мен 1 желтоқсан аралығында информатика пәнінен оқушылардың ХІ Еуразиялық олимпиадасын өткізді. Аталған олимпиада Санкт-Петербург ұлттық ақпараттық технологиялар, механика және оптика зерттеу университетімен бірлесе отырып, есептеу ғылымдары мен ақпараттық технологиялар саласындағы дарынды жастарды анықтау, ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру және оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісім-шарт негізінде өткізілді.
    Олимпиада қорытындысы бойынша халықаралық қазылар алқасының шешімімен І дәрежелі дипломдармен 7 команда, ІІ дәрежелі дипломдармен 11 команда, ІІІ дәрежелі дипломдармен 18 команда марапатталды. Сонымен қатар, І дәрежелі дипломдармен марапатталған 7 командаға Астана IT университеті мен Қазақстан-Британ Техникалық Университетінде білім беру грантын оқуға сертификаттар берілді.
      ХІ Еуразиялық олимпиаданың жеңімпазы мен жүлдегерлері атанған №178 лицейдің оқушылары:
      І дәрежелі диплом иегері лицейіміздің 11 «ә» сынып оқушысы – Солдатбай Әли.
      ІІІ дәрежелі диплом жүлдегерлері:
11 «д» сынып оқушысы – Манашов Али.
10 «в» сынып оқушысы – Сражов Абдусаттар мен Рақымберді Алишер.
10 «ғ» сынып оқушысы – Құрмаш Нұржан.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: