ХІІ Президенттік олимпиаданың қорытындысы » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ХІІ Президенттік олимпиаданың қорытындысы
19
ноябрь
2019

ХІІ Президенттік олимпиаданың қорытындысы

    ХІІ Президенттік Олимпиада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.А. Назарбаевтың тікелей тапсырмасы бойынша 2008 жылдан бері өткізіліп келеді.  Президенттік олимпиада математика, физика, биология және химия пәндері бойынша 3 кезеңнен өтеді. Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде I кезең – аймақтық өткізілді. Алматы қаласы бойынша, мақтана айтарлық, біздің лицейдің 11 сынып оқушылары математика, физика, химия және биология пәндерінен 34 оқушы жүлдегер атанып, І-ІІ-ІІІ орындарға ие болды.
   Олимпиаданың ІІ кезеңі - жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден ХІІ Президенттік олимпиаданың қашықтық кезеңі республиканың барлық өңірлерінде on-line режимде бір мезгілде 23 қазан күні сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интербелсенді студиясының қамтамасыз етілуімен өтті. Біздің лицейден қатысқан 2 оқушы келесі кезеңге қатысуға тағы да мүмкіндік алды!!!
    Лицей оқушылары 2019 жылғы 12-15 қараша аралығында Қарағанды мемлекеттік индустриалды университеті аясында Республикалық білім беру ұйымдарының 11-сынып оқушыларының арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден ХІІ Президенттік олимпиадаға қатысып жүлделі орындармен келді! Олар: 11 "ә"  сынып оқушысы Молдабаева Саяжан - 2 орын (күміс алқа), 11"Б" сынып оқушысы Фазылова Аружан - 3 орын (қола алқа). Жеңісті күндеріміз көп болғай!!!



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: