Хабарландыру!!!! » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
июнь
2019

Хабарландыру!!!!

ХАБАРЛАНДЫРУ
Алматы қаласы Білім басқармасы «№178 лицей» КММ-де 2019 жылдың 23 маусым күні сағат 09:00-де "Математика" және "Логикалық ойлау" пәндерінен 5 сыныптар арасында лицейішілік олимпиада өткізіледі. Олимпиадаға 1-4 сыныптарды «үздік» үлгерімімен оқып аяқтаған оқушылар қатыса алады. Талапкерлерді тіркеу ағымдағы жылдың 03-22 маусым күндері сағат 09:00 мен 17:00 аралығында, сенбі күні сағат 10:00 мен 14:00 аралығында жүргізіледі. Сағат 13:00 мен 14:00 аралығында түскі үзіліс уақыты.

Олимпиадаға қатысуға қажетті құжаттар тізбесі:

1. Берілген үлгі бойынша нақты тұрғылықты мекен-жайы көрсетілген ата-анасының өтініші;
2. Оқушының «Туу туралы куәлігінің» көшірмесі (3x4 см өлшеміндегі фотосурет - 1 дана)
3. Оқушының 1-4 сыныптардағы сабақ үлгерімі туралы табельдердің білім беру ұйымының жауапты тұлғасының қолы және мөрімен расталған көшірмесі.
4. Көк түсті 10 беттік папка
Олимпиада жеңімпаздарына «№178 лицей» КММ-не 2019-2020 оқу жылына 5 сыныпқа түсуге басымдылық беріледі.

6, 7, 8, 9, 10, 11-сыныптарға оқушы қабылданбайды.

Әкімшілік

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: