«ҚОШ БОЛ ҰСТАЗ, АЛТЫН ҰЯ МЕКТЕБІМ!» » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
июнь
2019

«ҚОШ БОЛ ҰСТАЗ, АЛТЫН ҰЯ МЕКТЕБІМ!»

            2019 жыл 12  маусым  күні   лицейімізде  мектеп бітіруші түлектердің  11 жыл бойы алған білімінің белгісі – аттестат алу құрметіне   «Қош бол ұстаз, алтын ұя мектебім!»  атты аттестат тапсыру рәсімі салтанатты түрде өтті.  
 Жаңа өмірге жолдама алу  -  алтын ұя мектебін бітіріп, қияға қанат қағатын жас түлектер үшін  ең бір ұмытылмас жүрек  тебірентерлік сәт.
 Лицей директоры К.Х. Шадиев  құттықтау  сөзінде 2018-2019 оқу жылы мектебіміз үшін табысқа толы жыл болғанын айта келе,  биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша лицейді 174 оқушы тәмәмдап, оның ішінде 41 оқушы ерекше аттестат «Алтын белгі» иегері болса, 24 түлек «Ерекше үлгідегі үздік» аттестат алды. Сонымен қатар халықаралық, республикалық, қалалық, аудандық  пән  олимпиада жеңімпаздарымен бірге білім мен өнерді ұштастырған оқушыларды атап өтіп, балаға саналы тәрбие ғана беріп қоймай, олардың  білімді азамат болып өсуімен қатар үлкен  жетістікке жетуіне атсалысқан   ата-аналарға алғысын білдірді. Балалық бал дәурен шақты артқа салып, үлкен өмірге қадам басқалы тұрған түлектер атынан  11 сынып оқушылары сөз сөйледі.  Он бір жыл білімге үйреткен аяулы  ұстаздарына,  ата-ана мейіріміне алғыс айтып, бірге оқыған  дос –құрбыларына сәттілік тіледі. «Қош бол ұстаз, алтын ұя мектебім!»  атты аттестат тапсыру рәсімі  жоспарға сәйкес өз деңгейінде өтті. 



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: