Шығармашылықпен айналысуға шабыт сыйлады (кездесу) » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Шығармашылықпен айналысуға шабыт сыйлады (кездесу)
04
март
2020

Шығармашылықпен айналысуға шабыт сыйлады (кездесу)

       Алматы қаласы №178 лицейінде қазақ тілі апталығына орай,  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімдері  А.Ауелбекова мен Э. Рапилованың ұйымдастыруымен халықаралық «Дарабоз» әдеби байқауының жүлдегері, балалар  жазушы Мейіржан Жылқыбаймен кездесу өтті.

          Кездесу барысында оқушылар автор шығармалары бойынша  өздерін қызықтырған  «Әдетте көркем шығармада қоян қорқақ болып сипатталады. Ал, жазушысының қоянды батыр жануарға айналдыру себебі не?, –ІТ маманы бола тұрып не себепті балалар әдебиетін таңдадыңыз?, Балалар мен жасөспірімдерге қандай топ-3 кітапты ұсынасыз? – деген мазмұндағы    сұрақтарына толық жауап алып, ерекше әсерде болды. 

Өз кезегінде жас қаламгер « -Басты бір арманым бар. Ол қазақ әдебиетіндегі барлық ертегі кейіпкерін жинау. Мен бұл арманыма жақындау үшін талпынып жүрмін. Оның дәлелі – “Ертегілер елінде” атты шығармам. Онда Перінің қызы Бекторы біздің әлемге келіп, ноутбуктар ұрлап кетіп, ертегідегі батырларды компьютер ойынына тәуелді етеді. Енді ерлік жасайтын ешкім жоқ. Міне, өткен мен бүгінгі заманды тоғыстырып, балалардың әдеби талғамынан шыққым келеді» – деп балаларға кітап оқуға, шығармашылықпен айналысуға шабыт сыйлады.

       Оқушыларға  әсіресе тау басында орын алатын шытырман оқиғаларға толы,  әртүрлі жастағы балаларға арналған  «Тауға саяхат» әңгімелер топтамасы ерекше әсер қалдырды.. Шығармада  бір аулада тұратын жануарлардың тауға саяхат жолында бастан кешкен қызықты сәттері жеңіл тілмен жазылған.  Автор  өзіне ұнаған сұраққа өз атынан оқушыларға   2017 жылы төрт тілге аударылып, Оңтүстік Кореяда басылып шыққан  «Батыр қоян» ертегі кітабын сыйлады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: