"Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері" » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері"
21
декабрь
2019

"Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері"

Мақсаты: Оқушылардың қысқы демалыс кезінде сақтауға тиіс қауіпсіздік ережелерімен таныстыру, өмір қауіпсіздігі туралы сауаттылығын арттыру, жауапты болуға, мұқият және сақ жүруге тәрбиелеу.
     Тәжірибе көрсеткендей, балалар мен ересектер үшін жылдың қыс мезгілі жарақат алудың, өрттің жиі болатын қауіпті кезеңі болып табылады. Осыған байланысты, қыс мезгілінде балалардың жарақат алуын болдырмау мақсатында, 21 желтоқсанда №178 лицейде Алатау ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Баймұханбетова Сандуғаш Амантайқызының қатысуымен «Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау (мұздағы қауіпсіздік, боран, қатты аяз, көктайғақ)» тақырыбында мектеп оқушылары арасында түсіндірме жұмыстары өтті. Сандуғаш Амантайқұызы оқушыларға қыс кезеңіндегі негізгі қауіпсіздік шаралары туралы толықтай айтып беріп, қатты бұрқасын, қар жауу және көктайғақ жағдайында не істеу керек және үсуді қалай болдырмау керектігін түсіндіріп берді.                                                 Түсіндірме жұмыстарының тақырыбын ашу және оқыту барысында оқушылардың неғұрлым жақсы қабылдауы үшін слайдтар мен бейнематериалдар көрсетілді. Басты назар мұзда өзін қалай ұстау керектігіне және ондағы балалар ойынының қауіптілігіне жасалды. Кездесу барысында оқушылар белсендік танытып бірнеше сауалдарын қойды, сұрақтарына толық әрі нақты жауап берілді.
    Қауіпсіздік шараларын әрдайым орындау - балаларға қалыптасқан жағдай болуы керек, ал ол үшін шұғыл жағдайдан аман шығудың тиімді жолдарын дер кезінде айту мен қауіптен сақтандыруымыз аса маңызды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: