«Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» атты бірыңғай тәрбие сағаты » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» атты бірыңғай тәрбие сағаты
25
октябрь
2019

«Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» атты бірыңғай тәрбие сағаты

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2019 жылы 25 қазан күні сағат 12:00-де №178 лицейде «Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» атты тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтті. Тәрбие сағатында Бала құқықтары туралы конвенцияның БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылдануының 30 жылдығы, Қазақстан Республикасында ратификациялануының 25-жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отырғаны туралы оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
      Сабақтың мақсаты – отбасы тәрбиесі мәселелерін талқылау, оқушылардың отбасы туралы білімдерін кеңейтуге ықпал ету, отбасының әрбір адамның өміріндегі маңыздылығын анықтау, баланың жеке тұлғасын қалыптастырудағы отбасының рөлін және оның патриоттық дүниетанымын арттыру.
      Сынып сағатына Алматы қаласы  Алатау ауданының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Әшірбеков Сағынбек Сағынбекұлының қатысуымен өтті. Сағынбек ата оқушыларға отбасы құндылықтары туралы,  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әр жылда халыққа арнайтын Жолдауында да отбасылық құндылықтарды сақтау, бала тәрбиесі мәселесін дәріптеу, ата-аналардың балаларын шынайы қамқорлыққа алу мәселелері тұрақты сөз болып келеді. Бұл жолдар әр баланың білім алуына мемлекеттің басты назар аударатынын және ол отбасының парызы екенін айтып түсіндірді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: