«Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы» » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы»
09
сентябрь
2019

«Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы»

     Мақсаты: Лицей оқушыларының  тұрақтанған жұмыс жағдайын, әр оқушының оқуға, тұлғаның құқығы мен қадірін тәрбиелеуге, мәдени дамуға, қатынасудың  тәртібі мен машығының дамуына жағдай жасау. 

   2019 жылғы 9 қыркүйек, Алматы қаласы, Алатау ауданына қарасты №178 лицейінің      9-11 сынып оқушылары арасында   «Тәртіп – тәрбие бастауы, тәртіпсіздік – өміріңнің қас жауы» атты тақырыпта  құқық бұзушылықтың алдын алу бағыттарын саралап, лицейдегі ішкі тәртіпті сақтау жұмыстары кеңінен талқыланды.
 Ұлт мұраттарының ұлы байлықтарының бірі – жас ұрпақ, келелі келешек десек, бұл тақырып кеше де, бүгін де күн тәртібінен түспейтін мәселе, ұлтымыздың мақтанышы батыр атамыз Бауыржан Момышұлы «Тәрбиелі – тәртіптің құлы, тәртіпті – елдің ұлы» десе, ақын Олжас Сүлейменов «Адам тағдырын тәрбие шешеді» деп жазды. Бәрі де шындық. Тәрбие кешіктірілсе кешірілмейтін, дұрыс бағыт алмаса, қалпына келмейтін нәзік те, кәделі де сауатты, игілікті де ізгілікті іс. Адам ұрпағымен ұлы, еңбегімен ерен, келешегімен кемел болса, мұның мөлдір бастауы, алтын тамыры – тәлім – тәрбие ісінде жатқандығы туралы оқушыларға арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: