«Туған ел қыдырың, туған жер тұғырың» » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Туған ел қыдырың, туған жер тұғырың»
03
сентябрь
2019

«Туған ел қыдырың, туған жер тұғырың»

    




      2019 жылғы 03 қыркүйек, сағат 08.00-де  Еліміздің  Тұңғыш   Президенті- Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасы аясында № 178 лицейде «Туған ел қыдырың, туған жер тұғырың» атты тақырыбында  9-11 сынып оқушылары арасында, сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен бірыңғай   сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатының басты мақсаты оқушыларды білімді, белсенді, патриот болуға, саналы ұрпақ ретінде қалыптастыру негізінде бағытталды.
      «Бір әріп үйреткен ұстазға қырық жыл сәлем бер» деген бабалар сөзін мұғалімдер, тәрбие сағатында  оқушыларға кеңінен түсіндіріп, мектеп қабырғасында білім беретін ұстаздарды құрметтеу керек екендігін тілге тиек етті.

     Осындай шаралар барысында  оқушылар өз ойларын еркін ашық  айтуды үйренумен қоса, пәнге деген қызығушылығының артуы және ұлттық дүниетанымының кеңейгендігі байқалды. Білім жүйесіндегі тың жаңалықтар  маңыздылығын ұғындырумен бірге, оқушының бойындағы патриоттық сезімінің дамуына да үлесін қосып келеді. Ұлттық құндылықтарымызды оқушы бойына сіңдіру үшінЕліміздің  Тұңғыш   Президенті- Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың  ауқымды идеялары мен тұжырымдамалық тәсілдерді терең зерделеу және білім алушылар арасында таратуды ұйымдастыру болып табылады. Елбасы: «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. «Бүгінгі жастар – еліміздің ертеңі, болашағымыздың басты айнасы».

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: