«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
октябрь
2018

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

2018 жылдың 26 қыркүйек күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен батырлар жырын жатқа айтудан «Тұлпар мініп, Ту алған!» атты әдеби және тарихи-танымдық байқау өтті.
Байқауға «№178 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 6 «Ғ» сынып оқушысы Бердашев Абылай қатысып, нәтижесінде жүлделі ІІ орын иеленді.

Жеңімпаздарды марапаттау Алатау дәстүрлі театрында 02 қазан күні өтті Жеңімпаз оқушыға қаржылай жүлде 1 000 000 теңге берілді. Жүлдегер атанған ұстазы Оспанбекова Айжан Кадирбаевнаға Оксфорд университетінде (Ұлыбритания) 2 айлық ағылшын тілі кур¬сынан өтуге жолдама берілді.
Лицей ұжымы жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтайды. Қанжығасы майланып, өз білімін көрсеткен Абылайға, ұстазы Айжан Кадирбаевнаға шығармашылық шабыт тілейміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: