Алатау аудандық прокуратура қызметкерлерімен кездесу » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алатау аудандық прокуратура қызметкерлерімен кездесу
03
октябрь
2018

Алатау аудандық прокуратура қызметкерлерімен кездесу

Алатау аудандық прокуратура қызметкерлерімен кездесу
2018 жылдың 03 қазан күні Алатау аудандық прокуратурасының аға прокуроры Кенжегулов Мират Қайратұлы мен бөлім прокуроры Тапаев Қанат Кемелбайұлы 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу мақсаты: оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу.
Кездесу барысында прокуратура қызметкерлері оқушыларға құқықтық тәрбие, заң нормаларын білу, қоғамдық тәртіпті сақтау, әлеуметтік желілерде тараған жасөспірімдердің дүниетанымына әсер ететін түрлі сайттар туралы айта отырып, заң күшіне сену және құқықтық мәдениеті дамыған тұлға, құқықтық мемлекеттің үлгілі азаматы болуға шақырды. Заң қызметкерлері мен оқушылар арасында жағымды байланыс болды.

Прокуратура қызметкерлері жастар арасындағы қылмысты болдырмау және алдын алу төңірегінде әңгіме өрбітті. Лицей оқушылары прокурормен ашық сұқбаттасып, сұрақтарын қойды.
Ғаламтордың жетегіне ерген жастарға кітап оқып, жеке тұлға ретінде қалыптасу қажеттігін жеткізген аға прокурор жаман әдеттен аулақ болуға шақырды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: