«Ата ана-Оқушы-Ұстаз ынтымақтастығы» атты ата-аналар жиналысы өтті. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ата ана-Оқушы-Ұстаз ынтымақтастығы» атты ата-аналар жиналысы өтті.
16
сентябрь
2024

«Ата ана-Оқушы-Ұстаз ынтымақтастығы» атты ата-аналар жиналысы өтті.

№ 178 мамандандырылған лицейде «Ата ана-Оқушы-Ұстаз ынтымақтастығы» атты ата-аналар жиналысы өтті. Іс-шара барысында ата-аналар QR-ы бар браслет арқылы 4 топқа бөлінді. Әр топ арнайы дайындалған "Үш құндылық", "Жеті жарғы", "Білім. Ғылым. Инновация", "Психологиялық қолдау" сияқты түрлі тақырыпты талқылайтын отауларға жеке-жеке орналастырылды. Бұл жерде оқушыға байланысты барлық сұрақтар қамтылды. Әрбір отауда тақырыпқа сәйкес мамандар ақпарат беріп, психологиялық тренингтер өткізіп, медицина, құқық саласының қызметкерлері де қажетті сұрақтарға жауап берді. Жиналыстың соңында ата-аналар арнайы дастарханнан дәм татып, мектеп ұжымына разылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: