11 «А» сыныбының ата-аналарымен «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 11 «А» сыныбының ата-аналарымен «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті
18
ноябрь
2023

11 «А» сыныбының ата-аналарымен «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті

     2023  жылдың 18 қараша күні Алматы қаласы Алатау ауданы №178 мамандандырылған лицейдің 11 «А» сыныбының ата-аналарымен «Саналы ұрпақ - жарқын болашақ» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста:
- Жеке оқушылардың және сыныптың білім үлгерімі, ішкі тәртібі, сынып мәселесі;
-  «Баланың бас ұстазы – ата-ана» тақырыбында сынып жетекшісі Эльмира Жанатқызы;
- Лицейдің ішкі тәртібі, балалардың тәртібі жайлы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шолпан Әубәкірқызы;
- Балалардың денсаулығына байланысты мәселелер бойынша медбике Рахметуллаева Айнұр ерекше тоқталып өтті.
     Жиналыс барысында ата-аналар өз тараптарынан лицей ұжымына, пән мұғалімдеріне ризашылығын білдіріп, әртүрлі сұрақтарға жауап алды, өздерінің ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. «Ұл-қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуына жұмыла күш салайық. Баланың ерік-жігерін шыңдап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеп, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етейік» – деп сынып жетекшісі Э.Ж.Рапилова  жиналысты қорытындылады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: