«Отбасы мен мектеп - саналы ұрпақ тәрбиелеудегі берік одақ» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Отбасы мен мектеп - саналы ұрпақ тәрбиелеудегі берік одақ» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті
20
сентябрь
2021

«Отбасы мен мектеп - саналы ұрпақ тәрбиелеудегі берік одақ» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті

№178 мамандандырылған лицейде 5-11 сынып ата-аналарына «Отбасы мен мектеп - саналы ұрпақ тәрбиелеудегі берік одақ» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы онлайн режимінде өтті. Жиналысты №178 мамандандырылған лицей директоры К.Х.Шадиев алғы сөзбен бастады. Онлайн жиналыс барысында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Тарих мамандығының PhD докторанты Сейтқазиев Руслан Өмірғазыұлы «Бала тәрбиесіндегі жауапкершілік: отбасындағы әке мен ананың міндеті. Мұғаліммен кері байланыс» тақырыбында баяндама оқыды. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Даулетбаева Гулнафис Абатовна және Токталиева Гулзат Дуйшенбековна «Мамандандырылған лицейде оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері» туралы маңызды ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Баймуратов Алибек Кыдырхожаевич «Дарынды оқушылармен жұмысты ұйымдастыру жолдары» тақырыбында биылғы оқу жылында кеңінен атқарылатын жұмыстарды тілге тиек етті. Кері байланыс ретінде ата-аналар белсенді түрде қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, лицей әкімшілігі тарапынан тұщымды жауаптарын ала білді. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: