«Отбасы - тәрбие бастауы» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы онлайн режимде өтті. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Отбасы - тәрбие бастауы» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы онлайн режимде өтті.
16
май
2020

«Отбасы - тәрбие бастауы» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы онлайн режимде өтті.

    №178 лицейде 16.05.2020ж. сағат 15.00-де «Отбасы - тәрбие бастауы» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы онлайн режимде өтті. Күн тәртібінде:
1) 2019-2020 оқу жылының қорытындысын талдау.
Лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы.
2) 2020-2021 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмысының жоспарын талқылау.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шажабаева К.С. және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абуова Ж.З.
3) Әртүрлі мәселелер.
    Жиналысты лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы ашып, отбасы күні мерекесімен құттықтап, жиналыстың күн тәртібі және мақсатымен таныстырды. Негізгі тоқталған мәселелер: 2019-2020 оқу жылында атқарылған оқу-тәрбие жұмыстарының қорытындысына, қамқоршылық кеңестің жұмысына, лицейдің қаржылық жоспарына: кіріс-шығыс есебіне талдау жасап, лицейдің ағымдағы қол жеткен жетістіктері туралы баяндады. Сонымен қатар, лицейдің қамқоршылық кеңесінің төрағасы Сатаев С.А. 2019-2020 оқу жылында Қамқоршылық кеңестің атқарған жұмыстарына есеп берді. Екінші мәселе бойынша, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шажабаева К.С және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абуова Ж.З. лицейдің даму жоспарына сәйкес 2020-2021 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмысының жоспарын талқылауға ұсынды. Сонымен қатар, қашықтықтан оқыту жағдайында баланың өмір қауіпсіздігі, оқу-тәрбие жұмысының жүргізілуі (лицей сайты), онлайн байқауларға қатысуы, оқушылардың қол жеткен жетістіктері баяндалды. Әртүрлі мәселелер (лицей оқушыларының киім үлгісі, лицей мен ата-аналар арасындағы келісім-шарт) де талқыланып, ата-ана тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берілді. Жиналыс соңында ата-аналар лицейдің жұмысына оң баға беріп, өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, алғыстарын жеткізді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: