«Құқық бұзушылықтың алдын алудағы ата-ана жауапкершілігі» » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Құқық бұзушылықтың алдын алудағы ата-ана жауапкершілігі»
15
ноябрь
2019

«Құқық бұзушылықтың алдын алудағы ата-ана жауапкершілігі»

    Бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесінің іргетасын қалайтын негізгі қағидалар мыналар: тәрбиенің мазмұны, оны жүзеге асыратын әдіс-тәсілдердің негізі - адамгершілік, имандылық, ізгілік, елжандылық. Тәрбие жүйесінің барлық сатылары мен салаларында тәрбиенің сабақтастығы мен үздіксіздігін, талап-бірлігін қамтамасыз ету мақсатында №178 лицейде 15 қараша күні «Құқықбұзушылықтың алдын алудағы ата-ана жауапкершілігі» тақырыбында лицейішілік ата-аналар жиналысы өтті.
Мақсаты:
 
1. Ата-ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту.
 2. Ата-аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.
 3. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.
Міндеті:
 
1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата - ананың жауапкершілігі.
 2. Лицейде  ата - ананың оқу - тәрбие саласындағы рөлі.
 3. Алдағы уақытта лицей оқушыларын  тәрбиелеуде мұғалім мен ата - ананың бірігіп жұмыс жасауы.
   Лицей бойынша жалпы ата-аналар жиналысында «Құқықбұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында əңгіме қозғалып, ата-аналар өз пікірлерін ортаға салып отырды. Бірлесе жұмыс жасаудың нəтижесінде лицейде қиындық туғызатын оқушылардың жоқтығы байқалады. Бұл жөнінде мектеп психологы, сынып жетекшілері жұмыс жүргізіп, үнемі бақылауда ұстайды.
    Жиналысқа келген ата-аналарға міндеттері көрсетілген заң баптарымен ата-аналарды таныстырып, өз балаларының кешкі уақытта қайда жүретінін бақылап, кезекшілік құрып, балаларының тәрбиесіне қатаң қарау туралы кеңес берілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: