06
сентябрь
2019
Ел жастары
Алматы қаласы, Алатау ауданына қарасты №178 лицейінің жанынан «Ел жастары» атты 6-10 сынып оқушыларының арасында лицей клубы құрылды.
Клубтың басты мақсаты лицей оқушыларын белсенді болуға және маңызды шараларды ұйымдастырып, лицейдің қоғамдық жұмыстарының дамуына ат салысу болып табылады.
Клубтың жетекшісі: лицей тәлімгері Әбілқайыр Тілеужан, клубтың төрайымы: Аиша Мусахан, клубтың төрағасы: Самғат Билхан болып бекітілді.
Сондай-ақ лицейдің ішкі тәртібіне, оқушылар арасындағы тәртіпті, киім үлгілерін бақылайтын тәлімгердің көмекшісі ретінде І және ІІ ауысымның инспекторлары тағайындалды.
Алдағы уақытта тәлімгер мен лицей оқушыларының ұйымдастыруымен ауқымды шараларды қолға алынып, лицейдің дамуы үшін игілікті жұмыстар қолға алынады.