«Ел тірегі – Елбасы» » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
ноябрь
2019

«Ел тірегі – Елбасы»

     2019 жылдың 19 қарашада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні қарсаңында №178 лицейдің 9 «Г» сыныбының жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рапилова Эльмира Жанатовнаның ұйымдастыруымен «Ел тірегі – Елбасы» атты дөңгелек үстел болып өтті. Мақсаты - оқушыларға ҚР Тұңғыш Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру, оқушыларға Елбасының ел үшін жасаған істерін үлгі-өнеге ету, өз Отанын, халқын сүйетін азамат боп өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
     Дөңгелек үстел барысында оқушылар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмір жолы туралы баяндама жасап, өлеңдер оқып және бейнероликтерді талдап, Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің басты жетістіктеріне тоқталды, қызықты және мағыналы сайысқа белсене қатысты. Аталмыш шараны қорыта келіп, лицей кітапханашысы Гулшира Бақтиярқызы оқушыларға Тәуелсіз Қазақстанда орын алған оң өзгерістер жайлы, Отанымызды әлемге танытқан Елбасының қажырлы еңбегі туралы баяндады. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: