«Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты міндет» » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты міндет»
25
январь
2020

«Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты міндет»

Құқық бұзушылықтың  алдын алу - басты міндет.  Осыған орай лицейімізде  2020 жылдың 24 қаңтар  күні 5 сыныптардағы  жасөспірімдерге қоғамдағы келеңсіз жайттардан сақтану,  Азаматтық Кодекс туралы түсінік қалыптастыру, ішкі тәртіп талаптарын орындау мәселелері шеңберінде кездесу  сағаты өтті. Бұл кездесуге Алатау аудандық Полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар жөніндегі жасөспірімдер инспекторы  А.Б.Бапанов, сондай-ақ директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары,  сынып жетекшілер қатысты.  Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі- балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Аталмыш кездесуде  жасөспірімдерге қоғамда, лицейде т.с.с. басқа да жерлерде өздерін қалай ұстау керектігі жөнінде сөз болды. «Ел болам десең ,бесігіңді түзе» дегендей дана халқымыз жеке тұлға болып қалыптасуда әрбір жасөспірімдер тәртібі мен тәрбиесіне мән беріп, бос уақытын тиімді пайдалана білсе, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуына көп септігін тигізері сөзсіз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: