«Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу»
16
январь
2020

«Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу»

2020 жылғы 16 қаңтар күні №178 лицейінде 9 сынып оқушылары арасында Алатау аудандық Ішкі Істер бөлімінің кәмелетке толмаған жөніндегі жасөспірімдер инспекторы А.Б. Бапановпен жиналыс өтті.
     Бұл жиналыстың басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Жиналыс барысында мектеп оқушыларының арасында жиі кездесетін түнгі уақыттардағы жүріс, біреудің затын рұқсатсыз алып кету сияқты жағымсыз әрекеттерден аулақ болу керектігін түсіндірді. Сабаққа кешігіп келетін немесе сабақ босататын оқушыларға да қолданылатын шаралар туралы айтылды.
     Алатау аудандық Ішкі Істер бөлімінің кәмелетке толмаған жөніндегі жасөспірімдер инспекторы А.Б. Бапанов оқушыларға өмірден түрлі мысалдар келтіре отырып, оқушылардың құқықтары жөнінде, құқықтық заңдарын бұзған жағдайда қандай жазалар болатыны туралы айта кетті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: