Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара
05
октябрь
2019

Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара

     2019 жылғы 05 қазан күні Алматы қаласы Алатау ауданы № 178 лицейдің салтанат залында Мұғалімдер күніне арналған мерекелік шара өтті. Мерекелік шараға лицейдің ұлағатты ұстаздары мен оқушылары қатысты.Лицейіміздің директоры К.Х. Шадиев ұлағатты ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.
   
«Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы», - деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, білімі мықты, білігі жоғары жаңашыл ұстаздар біздің оқу ордамызда да жеткілікті.
Өз істерінің жоғары деңгейдегі мамандары атанған осы бір құрметті жандардың тынымсыз еңбектерінің арқасында жоғары оқу орнынан мыңдаған шәкірттеріміз заман сұранысына сай білікті маман болып  шығуда.
     Кәсіби мереке қарсаңында білім және ғылым саласына өздерінің елеулі үлестерін қосып, жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, әрі өнегелі тәлім-тәрбие беріп жүрген ұлағатты ұстаздарға «Айрықша еңбегі үшін» алғыс хаттар мен грамоталар табысталды.     Шәкірттер санасына білім сәулесін шашып, ғылымның шырағын жағып жүрген ұлағатты ұстаздарға ақ тілектер мен ыстық ықылас білдірген білім ордасының     11 сынып оқушылары мерекелік концерт ұйымдастырып, жиылған қауымға ерекше көңіл-күй сыйлады.
      Білім мен ғылымға арнаған істеріңіз абыройлы болып, құрметтеріңіз әрдайым арта берсін! Болашақтың тұғыры жастарымыз білімді де іскер болсын! Тәуелсіз еліміз көркейіп, өркендей берсін!
 Мерейлi мерекелерiңiз құтты болсын, қымбатты Ұстаздар!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: