Алатау ауданы мектептерінің 10-11 сынып оқушыларымен жиын кездесу өтті. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алатау ауданы мектептерінің 10-11 сынып оқушыларымен жиын кездесу өтті.
20
октябрь
2018

Алатау ауданы мектептерінің 10-11 сынып оқушыларымен жиын кездесу өтті.

2018 жылдың 19 қазан күні Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мен Білім басқармасының ұйымдастыруымен Алатау ауданы мектептерінің 10-11 сынып оқушыларымен жиын кездесу өтті.
Шараға Алматы қаласының Алатау аудандық білім бөлімінің өкілдері, аудан мектептерінің 10-11 сынып оқушылары қатысты.


Кездесу барысында Алматы қаласының ТЖД Азаматтық қорғау басқармасының аға инспекторы Ерубаев Бауыржан Абдыкапарович пен Алатау ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Қожамбердиев Берік Иманбекұлы оқушыларға жер сілкінісі туындаған жағдайда әрекет тәртібіне нұсқаулық жүргізді, оның ішінде мектептерде сейсмикалық қауіпсіздікті қалай дұрыс ұйымдастыру керектігі мен жоғары және орта буын оқушыларымен, сондай-ақ төменгі сынып оқушыларымен тиісті тәртіпте қалай жұмыс жүргізу мәселесі де айтылды.
Бұл кездесуде мектеп түлектеріне «ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына» түсу жайлы кәсіби бағдар беру жұмыстары сияқты маңызды мәселелер де қозғалды. Оны «ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институты» кафедра басшысының орынбасары Рахметулин Берік Жамбулович институтқа түсу жайлы бейнеролик пен слайд көрсету арқылы мектеп түлектеріне кәсіби бағдар беру мақсатында үгіт-насихат жүргізумен аяқтады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: