2018 жылғы 13 қыркүйек күні «№178 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен ІТ-сынып ашылды » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2018 жылғы 13 қыркүйек күні «№178 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен ІТ-сынып ашылды
14
сентябрь
2018

2018 жылғы 13 қыркүйек күні «№178 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен ІТ-сынып ашылды

ІТ-сынып «НұрОтан» партиясының «Балаларға арналған ақысыз ІТ-сынып ашу» бастамашыл жобасы аясында ашылды.
Іс-шараға Алатау аудандық «НұрОтан» партиясы филиалының төрағасы Алма¬саев Мұханқали Тұрашұлы қатысты. Шара барысында партия өкілдері мен қатысушылар оқушылардың роботтық техника жасаудағы және бағдарлама құрудағы жұмыстарымен танысты.


Аталған сыныптың ашылуындағы негізгі мақсат – еліміздің ақпараттық-цифрлық әлеуетін дамыту, жаңаша ойлайтын зияткерлік ортаны қалыптастыру, жоғары деңгейдегі ІТ мамандарын дайындауға үлес қосу және оқушылардың ІТ технологияға қызығушылығын арттыру.
ІТ-сынып осы мақсатқа жетуде қажетті заманауи барлық құрал-жабдықтармен, оқу-құралдары және компьютерлермен қамтамыз етілген.


ІТ-сыныпта оқушылар «STEM centr» академиясы бойынша 3 модульден тұратын оқу бағдарламасы бойынша білім алатын болады. Бірінші оқу модулінде оқушылар бағдарламалауды игеріп шығады. Онда оқушылар «Scratch», «Python», «C++», «Java» бағдарламалау тілдерін меңгереді. Ал екінші оқу модулінде робототехника бойынша білімдерін жетілдіреді. Онда олар «Lego» және «Arduino» конструкторларынан робот құраса, үшінші оқу модульде 3D модельдеуді меңгереді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: