«8 наурыз – халықаралық әйелдер күні» » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «8 наурыз – халықаралық әйелдер күні»
07
март
2019

«8 наурыз – халықаралық әйелдер күні»

2019 жылдың 07 наурыз күні № 178 лицейде «8 наурыз – халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай, жаны нәзік болса да, рухы мықты ақ жаулықты аналардың, ардақты апалар мен қаракөз қарындастардың құрметіне мерекелік іс-шара өткізілді.
    «Аяулы аналар, арулар! Тіршіліктің тірегі қашанда әйел-ана болған. Ақылына көркі сай келіп, батырлығымен, ізгі бейнесімен кейінгі ұрпаққа үлгі болған, тарихта із қалдырған қазақ қыздары көп. Солардың жолын сіздер жалғап келесіздер. Мейірімділік, адамгершілік, бауырмалдық қасиеттер адам бойына ана сүті арқылы дариды, — деп лицей директоры жылы лебізін  білдірді.
     Кеш барысында Алатау ауданының білім бөлімінің басшысы мен лицей директорының грамоталарымен өз қызметтік міндеттеріне адалдықпен қарап, қызметтерінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген лицейдің бірқатар ұстаздары мен кіші қызметкерлері марапатталды.
     Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, отбасының ұйытқысына, татулық пен келісімнің тірегіне айналған, махаббаттың, сұлулықтың символы саналатын құрметті ақ жаулықты аналардың, ардақты әйелдердің құрметіне әндер шырқалып, билер биленіп, ақ тілектер мен мадақтар айтылды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: