«Ұлағатты ұстаз – ұлт болашағының айнасы» » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ұлағатты ұстаз – ұлт болашағының айнасы»
04
октябрь
2019

«Ұлағатты ұстаз – ұлт болашағының айнасы»

      Алматы қаласы, Алатау ауданына қарасты №178 лицейдің жанынан құрылған «Ел жастары» клубының белсенді оқушыларының ұйымдастыруымен  «Ұлағатты ұстаз – ұлт болашағының айнасы» атты тақырыпта мерекелік кеш өткізілді.
      Мерекелік кешті лицей директоры Шадиев Кайратбек Хамзаханұлы құттықтау сөзімен ашып, барша ұстаздарды мерекелерімен құттықтады. Жалындаған оқушылар ұстаздар қауымына әсем әннен шашу шашып, күмбірлеген домбыраның үнін естіртіп, күй орындап, өлең оқып, мың бұралған бишілер де өз өнерлерін көрсетті. «Ғалым да, кенші де бас иетін» барша ұстаздар қауымын мерекесімен «Ел жастары» клубы атынан шын жүректен  құттықтап, жұмыстарына жеміс тілейміз. «Шәкірт шыңға шықса – ұстаз үшін сол бақыт» дегендей, белсенді оқушылардың қойған мерекелік кеші лицейіміздің барша ұстаздары қауымына арналады.  Мерекелеріңіз құтты болсын, аяулы ұстаздар!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: