«Ана тілім – ардағым» » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
сентябрь
2019

«Ана тілім – ардағым»


         Алматы қаласы, Алатау ауданына қарасты №178 лицейінде тілдер мерекесіне орай «Ана тілім – ардағым» тақырыбының негізінде өткізілген мерекелік кешке филология ғылымдарының докторы, профессор Асылы Осман келді. 
         Тіл – бір ұлттың, тұтастай халықтың, тәуелсіздік тарихының маңызды құралы болып саналады. Осы бағытта лицейде тіл жанашыры Асылы Әлиқызын құрметті қонақ ретінде шақырып, тіл жанашыры кездесуге арқау болған тақырыптың төңірегінде маңызды әңгімелерді қозғап, оқушыларға өзінің баяндамасын оқыды. Тәуелсіз еліміздегі тіл төңірегіндегі маңызды жайттарды қозғап, бірнеше ақпараттарымен бөлісті. Лицей оқушылары да өздерінің көкейтесті сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алған болатын. Сондай-ақ  Ақдидар Ысқақова, Жанель Манатқызы, Айзада Нурумкулова есімді біздің белсенді оқушыларымыз  тіл туралы өлеңдерін оқып, мерекелік кештің шырайын келтірді. Лицей директоры сөз соңында Асылы Османға арнайы өзінің алғысын білдіріп, құрмет көрсетіп, гүл шоқтарын табыстады. Асылы Әлиқызыда кездесуге мұрындық болған ұйымдастырушылар құрамына, лицей ұстаздары мен оқушыларына өз алғысын білдірді. Ал, кеш соңын Абибуллаева Айгерім әсем әнмен әрлеп, оқушылар естелікке суретке түсіп, Асылы Әлиқызынан қолтаңба алды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: