«ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ» » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
сентябрь
2018

«ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ»

«ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ»
АСЫЛЫ ОСМАН ӘЛИҚЫЗЫМЕН КЕЗДЕСУ

20 қыркүйек күні «№178 лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Қазақстан Халықтар Ассамблеясының» мүшесі, қазақстандық ғалым, қоғам қайраткері, Филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Парасат” орденінің және "Тіл жанашыры” құрмет белгісінің иегері – Асылы Осман Әлиқызы лицей оқушыларымен кездесті.

Республикалық деңгейде өткізілетін тілдер апталығы қарсаңында ұйымдастырылған кездесуге лицей оқушылары мен ұстаздары қатысты. Еркін әңгімелесу түрінде өткен әсерлі кездесуде оқушылар Асылы Әлиқызының ұлттық құндылықтарды, ой-сананы, салт-дәстүрді, қазақы тәлім-тәрбиені дәріптеп, мемлекеттік тілді дамытуға байланысты айтқан ғибратты әңгімелерін тыңдады. Асылы ханым оқушылар өнерін тамашалап, тілегін білдірді

 

 

 
Асылы Әлиқызы: «Білім – әлемдік, тәрбие – ұлттық болуы қажет. Ахмет Байтұрсынов айтып өткендей – «Сөзі жоғалған ұлттың, өзі де жоғалады». Сол елдің тілін білген адам ғана, сол ұлттың жан дүниесін ұғып түсіне алады» деп сөзін түйіндеді.

 

 
Кеш соңында лицей директоры Шадиев Қайратбек Хамзаханұлы Асылы Әлиқызының қазақ қоғамын рухани жаңғыртудағы ерекше орнын атап өтіп, жастарды осындай елжанды тұлғалардан үлгі-өнеге алуға шақырды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: