"Математика - ақыл-ойдың әуені" математика кафедрасының онкүндігінің жабылуы » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Математика - ақыл-ойдың әуені" математика кафедрасының онкүндігінің жабылуы
01
ноябрь
2020

"Математика - ақыл-ойдың әуені" математика кафедрасының онкүндігінің жабылуы

    Алматы қаласы Алатау ауданы №178 лицейінде 17-27 қазан аралығында "Математика - ақыл-ойдың әуені" тақырыбында  өткізілген математика кафедрасының онкүндігінің жабылуы қашықтық жағдайда салтанатты түрде өткізілді. Математика мұғалімдері мен дәл ғылымға зор қызығушылығын танытқан 5-11 сынып оқушыларының ынта дәрежесін дамытатын ашық сабақтар, математикалық олимпиадалар, зияткерлік сайыстардың қорытындысы шығарылып, онкүндік беттерінен бейне көрсетілім қойылды. 
   Онкүндік барысында математика пәні мұғалімдері өздерінің шығармашыл ізденістерін ашық сабақтарда, сыныптан тыс іс-шараларда, шеберлік сыныптарында көрсетіп, тәжірибе алмасты. Онкүндік іс-шаралары педагогикалық шеберлікті жетілдіру, пәнаралық нәтижені қалыптастыру, оқушылардың оқуға мотивациясын дамыту, математика ғылымына қызуғушылығы мен ой-өрісін кеңейтуге үлес қосты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: